Құжат мәтініне өту

О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории города Шахтинска

Өзге акт · № 1742/40 · қабылданған 20.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-145087/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории города Шахтинска Қолданыста Өзге акт ·№ 1742/40 ·20.07.2020
27.03.2024 редакциясы
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории города Шахтинска

Қолданыста Өзге акт ·№ 1742/40 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории города Шахтинска
Атауы (қаз.)
Шахтинск қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1742/40
Қабылданған күні
20.07.2020
Көрсетілген редакция
27.03.2024 145087_693992.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20KH005966
ЭКБ идентификаторы
145087
Редакция идентификаторы
145087_693992
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:28

0 Шахтинск қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3

3. Шахтинск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 1341/7 «Шахтинск аймағының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3989 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 21 қазандағы «Шахтинский вестник» газетінің №42 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, пайдалану тәртібі және олардың шекті толу нормалары, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Шахтинск қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 1742/40
Шешімге 1 қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, пайдалану тәртібі және олардың шекті толу нормалары,
арнайы орындарды материалдық-техникалық және
ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1 1. Шахтинск қаласында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:

1 1) Шахтинск қаласы - Парковая, Торговая көшелері және Абай Құнанбаев даңғылының қиылысы. Шекті толу нормасы-1000 адам;

2 2) Шахтинск қаласы - «Техника в быту» сауда үйінің артындағы алаң (қалалық саябақтың аумағы). Шекті толу нормасы -500 адам;

3 3) Долинка кенті - Долинка кентінің Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы ғимаратының алдындағы алаң, Школьная көшесі 39 үй. Шекті толу нормасы -200 адам;

4 4) Новодолинский кенті - «Новодолинский кентінің мәдениет сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының алдындағы алаң, Школьная көшесі, 3 үй. Шекті толу нормасы - 200 адам;

5 5) Шахан кенті - 11/17 кварталының аумағындағы алаң, 20-21 үйлер. Шекті толу нормасы - 700 адам.

Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс.
Шахтинск қаласында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:
Қазақстан және Бирюзова көшелерінің қиылысынан Бирюзова көшесі мен Абай Құнанбаев даңғылының қиылысына дейін.

2 2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:

1 1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;

2 2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

3 3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.

1 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Шахтинск қалалық мәслихатының
2020 жылғы 20 шілдесі
№ 1742/40
Шешімге 2 қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған
іргелес аумақтардың шекаралары
Шахтинск қаласының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекаралары:

1 1) жаппай жерлеу орындары;

2 2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтары;

3 3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтары;

4 4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтары;

5 5) магистральдық теміржол желілер, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желілері, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтары.

Қолданыстағы