О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории города Приозерск
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории города Приозерск
- Атауы (қаз.)
- Приозерск қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 40/406
- Қабылданған күні
- 22.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2020 145112_473160.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KR005970
- ЭКБ идентификаторы
- 145112
- Редакция идентификаторы
- 145112_473160
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:26
0 Приозерск қаласының аумағында
бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындар
және пикеттеуді өткізуге тыйым
салынған іргелес аумақтардың
шекаралары туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабына сәйкес Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, пайдалану тәртібі және олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Приозерск қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 22 шілдесі
№ 40/406
шешіміне 1 қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, пайдалану тәртібі және олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1 1. Приозерск қаласында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:
1 1) Қалалық орталық алаң (Кисунько 2/1 көшесі). Шекті толу нормасы -2000 адам;
2 2) 1941-1945 ж. ҰОС жеңіс мемориалы (Достық көшесі). Шекті толу нормасы - 250 адам.
Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс.
Приозерск қаласында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:
Космонавтов көшесінен Балхашская көшесі бойымен қалалық орталық алаңға дейін.
2 2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:
1 1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;
2 2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
3 3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.
1 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Приозерск қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 22 шілдесі
№ 40/406
шешіміне 2 қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары