Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования, на территории города Жезказган
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования, на территории города Жезказган
- Атауы (қаз.)
- Жезқазған қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 49/423
- Қабылданған күні
- 22.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2024 145113_685189.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KB005971
- ЭКБ идентификаторы
- 145113
- Редакция идентификаторы
- 145113_685189
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:26
0
Жезқазған қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3
3. Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 2/21 «Жезқазған қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3850 тіркелген, 2016 жылғы 22 маусымдағы «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде, 2016 жылдың 24 маусымдағы № 26 (7986) «Сарыарқа» газетінде, 2016 жылдың 26 маусымдағы №26 (128) «Жезказганский вестник» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары
Жезқазған қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 22 шілдесі
№ 49/423
Шешімге 1-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары
1 1. Жезқазған қаласында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:
1 1) Ғарышкерлер бульвары, 18 а үйінің бойымен «Интернационалист - жауынгерлер» ескерткіші мен «Самади» сауда үйі алдындағы алаң. Шекті толу нормасы - 800 адам;
2 2) Сәкен Сейфуллин көшесі, 49 б үйінің бойымен Сәкен Сейфуллин ескерткіші мен «Сарыарқа» мәдени ойын – сауық кешені алдындағы алаңы. Шекті толу нормасы-1000 адам.
Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс
Жезқазған қаласында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:
Ғарышкерлер бульвары, 6 үйден басталып, Ғарышкерлер бульвары, 18 үйге дейін.
2 2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:
1 1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;
2 2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақөзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
3 3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.
3 3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.
1 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Жезқазған қалалық мәслихатының
2024 жылғы 13 ақпандағы
№ 15/83
шешіміне қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Жезқазған қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары 800 метр қашықтықта: