Құжат мәтініне өту

О порядке организации и проведения мирных собраний в Мактааральском районе

Өзге акт · № 68-428-VI · қабылданған 03.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 28.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-145125/on/2026-08-28/
Басып шығарылды 2026-08-28 · adilet.kz
О порядке организации и проведения мирных собраний в Мактааральском районе Қолданыста Өзге акт ·№ 68-428-VI ·03.07.2020
03.07.2020 редакциясы
28.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О порядке организации и проведения мирных собраний в Мактааральском районе

Қолданыста Өзге акт ·№ 68-428-VI · 28.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О порядке организации и проведения мирных собраний в Мактааральском районе
Атауы (қаз.)
Мақтаарал ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
68-428-VI
Қабылданған күні
03.07.2020
Көрсетілген редакция
03.07.2020 145125_473449.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UG005733
ЭКБ идентификаторы
145125
Редакция идентификаторы
145125_473449
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:41

0 Мақтаарал ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мақтаарал ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын болып Мақтарал ауылдық округі, Өркениет ауылы, Ж.Ыбраев көшесі «Алпамыс батыр» саябағындағы алаң айқындалсын.

2 2. Мақтаарал ауданында демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін жүру маршруты ретінде Мырзакент кентінің Т.Мадиходжаев көшесі мен А.Тлеубердин көшесінің бұрышынан А.Тлеубердин көшесі мен А.Яссауи көшесінің қиылысына дейінгі аралық айқындалсын.

3

3. Мақтаарал ауданында бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

4 4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

5 5. «Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтаарал аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

6 6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану ТӘРТІБІ

Мақтаарал аудандық
мәслихатының «03» шілде
2020 жылғы №68-428-VI
шешіміне 1-қосымша
Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану
ТӘРТІБІ
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын Мақтаарал аудандық мәслихаты бейбіт жиналыстарды немесе шерулерді өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.
Бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізу үшін
арнайы орындардың материалдық-техникалық қамтамасыз етуі

п/п
Арнайы орын атауы
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуі
Шекті толу нормалары
1.
Мақтарал ауылдық округі, Өркениет ауылы, Ж.Ыбраев көшесі «Алпамыс батыр» саябағының алаңы
- көше жарығы;
-электр энергиясын қосу нүктесі;
-бейне бақылау және бейне жазба камералары;
- автотұрақ орны
(1 кіру, 1 шығу).
150
адам
Жергілікті атқарушы органның өкілі хабарлама/өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:
-бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айырым белгісі;
-периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;
- Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға;
- БАҚ үшін арнайы белгіленген орын (лента немесе қоршау мен шектеу; фото-видео түсірілім және сұхбаттасу үшін жеткілікті көрінуді қамтамасыз ету);
- бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудио визуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фото түсірілім жасауды;
Мырзакент кентінің Т.Мадиходжаев көшесі мен А.Тлеубердин көшесінің бұрышынан А.Тлеубердин көшесі мен А.Яссауи көшесінің қиылысына дейінгі шеру бағытымен танысу.
Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:
- өтініште көрсетілген мерзім аралығында арнайы орынның аумағында орналасады;
-ғимараттардың, құрылыс жайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
-санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;
-бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.

10 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Мақтаарал аудандық
мәслихатының «03» шілде
2020 жылғы №68-428-VI
шешіміне 2-қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес
аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынады:

1 1. Жаппай жерлеу орындарында;

2 2. Теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

3 3. Мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

4 4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;

5 5. Қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

6 6. Магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыр жолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Қолданыстағы