Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих государственного учреждения «Аппарат акима города Шахтинска»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих государственного учреждения «Аппарат акима города Шахтинска»
- Атауы (қаз.)
- «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеу қолдану Қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32/01
- Қабылданған күні
- 24.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2024 145147_724169.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KH005976
- ЭКБ идентификаторы
- 145147
- Редакция идентификаторы
- 145147_724169
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:25
0 «Шахтинск қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
мемлекеттік қызметшілеріне
көтермелеу қолдану Қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеу қолдану Қағидалары бекітілсін.
2 2. «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімі аппаратының басшысы Н. Ю. Циолковскаяға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеу қолдану қағидалары
Шахтинск қаласы
әкімдігінің
2020 жылғы 24 шілдесі
№ 32/01
қаулысымен бекітілген
«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеу қолдану
қағидалары
1
1. «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 35-бабына сәйкес әзірленді және Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін айқындайды.
2 2. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерге мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін:
1 1) біржолғы ақшалай сыйақы;
2 2) алғыс жариялау;
3 3) грамотамен марапаттау;
4 4) ведомстволық наградалармен марапаттауды қоса алғанда, көтермелеудің өзге де нысандары.
3 3. Бір ерекшелігі үшін мемлекеттік қызметшіге тек бір көтермелеу қолданылады.
4 4. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленді.
5 5. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу құрамы Шахтинск қаласының әкімімен бекітілетін комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімінің негізінде жүргізіледі.
6 6. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін ай сайын бір рет ақшалай сыйлықпен марапатталады.
Осы тармақта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыларды төлеу Аппаратының бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспары бойынша қаржыны үнемдеу жолымен жүзеге асырылады.