Құжат мәтініне өту

О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Каркаралинского района

Өзге акт · № VI-58/493 · қабылданған 21.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-145148/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Каркаралинского района Қолданыста Өзге акт ·№ VI-58/493 ·21.07.2020
22.02.2024 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Каркаралинского района

Қолданыста Өзге акт ·№ VI-58/493 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Каркаралинского района
Атауы (қаз.)
Қарқаралы ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
VI-58/493
Қабылданған күні
21.07.2020
Көрсетілген редакция
22.02.2024 145148_686691.kaz
Соңғы өзгеріс
22.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20KM005977
ЭКБ идентификаторы
145148
Редакция идентификаторы
145148_686691
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:27

0 Қарқаралы ауданының аумағында

бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындар
және пикеттеуді өткізуге тыйым
салынған іргелес аумақтардың
шекаралары туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3

3. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 мамырдағы III сессиясының № VI-3/24 «Қарқаралы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3834 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 маусымда № 45-46 (11480) «Қарқаралы» газетінде және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 06 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық –техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Қарқаралы аудандық мәслихатының
2020 жылғы 21 шілдедегі
№ VI-58/493
шешіміне 1 қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық –техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1 1. Қарқаралы ауданында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:

1 1) «Автобаза» қонақ үйінің алдындағы алаң, Қарқаралы қаласы, 78-Коммунар көшесі № 135 ғимарат. Шекті толу нормасы – 300 адам;

2 2) «Сары-Арқа» мемориалы алдындағы алаң, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі № 75 құрылыс. Шекті толу нормасы – 700 адам.

Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс.
Қарқаралы ауданында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:

1 1) «Автобаза» қонақ үйінен 78-Коммунар көшесі № 49 үйдің қиылысына дейін;

2 2) «Сары-Арқа» мемориалынан Т.Әубәкіров көшесіндегі №116 құрылысына дейін.

2 2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланады:

1 1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;

2 2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

3 3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.

1 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Қарқаралы аудандық мәслихатының
2020 жылғы 21 шілдедегі
№ VI-58/493
шешіміне 2 қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

1 1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Қарқаралы ауданының келесі объектілерінде 800 метр қашықтықта айқындалады:

1 1) жаппай жерлеу орындарында;

2 2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

3 3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

4 4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

5 5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Қолданыстағы