Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания социальной поддержки и установления размера по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Жезказган

Ереже · № 49/424 · қабылданған 22.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-145179/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания социальной поддержки и установления размера по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Жезказган Қолданыста Ереже ·№ 49/424 ·22.07.2020
22.07.2020 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания социальной поддержки и установления размера по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Жезказган

Қолданыста Ереже ·№ 49/424 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания социальной поддержки и установления размера по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Жезказган
Атауы (қаз.)
Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
49/424
Қабылданған күні
22.07.2020
Көрсетілген редакция
22.07.2020 145179_473403.kaz
Соңғы өзгеріс
22.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20KB005981
ЭКБ идентификаторы
145179
Редакция идентификаторы
145179_473403
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:26

0 Жезқазған қаласының ауылдық елді

мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін
мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт
және ветеринария ұйымдарының мамандарына
коммуналдық қызметтерді төлеу және отын
сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету
және мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 31/287 «Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5100 тіркелген, 2019 жылғы 09 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 2 (258) «Жезказганский вестник», 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 01 (8115) «Сарыарқа» газеттерінде жарияланған) шешімінің күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидалары

Жезқазған қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 22 шілдесі
№ 49/424
шешіміне қосымша
Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және мөлшерін белгілеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді және Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (әрі қарай – әлеуметтік қолдау) тәртібін және мөлшерін анықтайды.

2 2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау және төлеу уәкілетті органмен – «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Әлеуметтік қолдауды көрсету тәртібі мен мерзімдері

3

3. Әлеуметтік қолдауды алу үшін кент, ауыл және ауылдық округ әкімдері Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарының тізімін, қызметті алушылардан өтініштерін сұратпай келесі құжаттарымен ұсынады:

1 1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің мөрімен расталған);

2 2) жұмыс орнынан анықтама (лауазымы көрсетіліп);

3 3) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.

4 4. Әлеуметтік қолдауды көрсетуден бас тартуға негіз болады:

1 1) 3 тармақта көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

2 2) мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі.

5 5. Мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандары бірнеше қызметтерді қатар атқарған жағдайда, атқаратын бір лауазымы бойынша әлеуметтік қолдау алуға құқылы.

6 6. Кент, ауыл және ауылдық округ әкімдіктері уәкілетті органға құжаттарды тапсырған уақыттан бастап әлеуметтік қолдау көрсетуге құжаттарды өңдеу мерзімі – 15 күнтізбелік күн.

Уәкілетті орган ағымдағы жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін тізімдер бойынша құжаттарды қабылдауды жүргізеді.
Әлеуметтік қолдауды көрсету нәтижесі – қаржыландыру жоспарына сәйкес жылына бір рет жүргізілетін төлем.

3 3-тарау. Әлеуметтік қолдауды көрсету мөлшерін белгілеу

7

7. Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

Қолданыстағы