Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах расширения территории республиканского государственного учреждения «Барсакельмесский государственный природный заповедник» Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»

Қаулы · № 484 · қабылданған 29.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-145198/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах расширения территории республиканского государственного учреждения «Барсакельмесский государственный природный заповедник» Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 484 ·29.07.2020
29.07.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах расширения территории республиканского государственного учреждения «Барсакельмесский государственный природный заповедник» Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 484 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах расширения территории республиканского государственного учреждения «Барсакельмесский государственный природный заповедник» Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
484
Қабылданған күні
29.07.2020
Көрсетілген редакция
29.07.2020 145198_474569.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000484
ЭКБ идентификаторы
145198
Редакция идентификаторы
145198_474569
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:22

0 «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

«Қызылорда облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Арал ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы ауданы 73,5 гектар жер учаскесі орман қоры жерлері санатынан;
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің жалпы ауданы 2226,5 гектар жер учаскесі су қоры жерлері санатынан алынсын.

2

2. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – мекеме) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы алаңы 2300,0 гектар жер учаскесі Қызылорда облысы Арал ауданының аумағында тұрақты жер пайдалануға берілсін.

3

3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мекеменің жалпы ауданы 2300,0 гектар жер учаскесі орман қоры жерлері және су қоры жерлері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік табиғи қорықтардың ормандары» қорғаныштық санатына жатқызылсын.

4

4. Қызылорда облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеменің айналасында және оның қорғау аймағында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде, осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салып және (немесе) шектеу қойып күзет аймағын белгілесін.

5 5. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 42-43, 290-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
«Қызылорда облысы» деген бөлімде:
мына:
«
78
Бар­са­кел­мес мем­ле­кет­тік та­би­ғи қо­ры­ғы
160826
Арал ауда­ны
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия, гео­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі ко­ми­те­ті
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
78
Бар­са­кел­мес мем­ле­кет­тік та­би­ғи қо­ры­ғы
163126
Арал ауда­ны
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия, гео­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі ко­ми­те­ті
»

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін жерлердің экспликациясы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін жерлердің экспликациясы
№ р/с
Жерлер санаты және орналасқан жері
Жалпы алаңы, гектар
оның ішінде
Орман алқаптары, гектар
Ормансыз алқаптар, гектар
барлығы
оның ішінде
жайылымдар
суасты жерлері
1
2
3
4
5
6
7
Арал ауданы
1
Орман қоры жерлері («Арал ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ)
73,5
4,5
69,0
69,0
-
2
Су қоры жерлері («Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» РММ)
2226,5
-
2226,5
-
2226,5
Жиыны:
2300,0
4,5
2295,5
69,0
2226,5

Қолданыстағы