Құжат мәтініне өту

О порядке организации и проведения мирных собраний в городе Арыс

Өзге акт · № 52/365-VI · қабылданған 24.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 28.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-145203/on/2026-08-28/
Басып шығарылды 2026-08-28 · adilet.kz
О порядке организации и проведения мирных собраний в городе Арыс Қолданыста Өзге акт ·№ 52/365-VI ·24.06.2020
24.06.2020 редакциясы
28.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О порядке организации и проведения мирных собраний в городе Арыс

Қолданыста Өзге акт ·№ 52/365-VI · 28.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О порядке организации и проведения мирных собраний в городе Арыс
Атауы (қаз.)
Арыс қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
52/365-VI
Қабылданған күні
24.06.2020
Көрсетілген редакция
24.06.2020 145203_473471.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UB005736
ЭКБ идентификаторы
145203
Редакция идентификаторы
145203_473471
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:54

0 Арыс қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Арыс қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын «Орталық стадион» ғимаратының алдында орналасқан алаң айқындалсын.

2 2. Арыс қаласында демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін жүру маршруты ретінде Әділбек би және Т.Арынбаев көшелерінің қиылысынан бастап Т.Арынбаев және Н.Исмаилов көшелерінің қиылысына дейінгі аралық айқындалсын.

3

3. Арыс қаласында бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

4 4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

5 5. «Арыс қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Арыс қалалық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

6 6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану ТӘРТІБІ

Арыс қалалық
мәслихатының 2020 жылғы
24 маусымдағы №52/365-VI шешіміне
1-қосымша
Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану
ТӘРТІБІ
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – Арыс қалалық мәслихаты бейбіт жиналыстарды немесе шерулерді өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.
Бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізу үшін
арнайы орындардың материалдық-техникалық қамтамасыз етуі

п/п
Арнайы орын атауы
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуі
Шекті толу нормалары
1.
«Орталық стадион» ғимаратының алдында орналасқан алаң
- көше жарығы;
- электр энергиясын қосу нүктесі;
- бейнебақылау және бейнежазба камералары;
- автотұрақ орны
(1 кіру, 1 шығу).
90
адам
Жергілікті атқарушы органның өкілі хабарлама/өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айырым белгісі;
периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;
Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға;
БАҚ үшін арнайы белгіленген орын (лента немесе қоршаумен шектеу; фото-видео түсірілім және сұхбаттасу үшін жеткілікті көрінуді қамтамасыз ету);
бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауды;
Әділбек би және Т.Арынбаев көшелерінің қиылысынан бастап Т.Арынбаев және Н.Исмаилов көшелерінің қиылысына дейінгі шеру бағытымен танысу.
Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:
өтініште көрсетілген мерзім аралығында арнайы орынның аумағында орналасады;
ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.

10 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Арыс қалалық
мәслихатының 2020 жылғы
24 маусымдағы №52/365-VI шешіміне
2-қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес
аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынады:

1 1. Жаппай жерлеу орындарында;

2 2. Теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

3 3. Мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

4 4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;

5 5. Қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

6 6. Магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Қолданыстағы