Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов в Алакольском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов в Алакольском районе
- Атауы (қаз.)
- Алакөл ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 169
- Қабылданған күні
- 21.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 21.07.2020 145211_473663.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20DE005564
- ЭКБ идентификаторы
- 145211
- Редакция идентификаторы
- 145211_473663
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:27
0 Алакөл ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру
үшін орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылдың 28 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Алакөл аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. Алакөл ауданы әкімдігінің «Алакөл ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» 2016 жылғы 02 ақпандағы № 21 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3693 тіркелген, 2016 жылдың 19 тамызында «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысын күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің орынбасары А.С. Абдиновқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 «Алакөл ауданында үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу туралы»
Алакөл ауданы әкімдігінің
қаулысының қосымшасы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары
1 1. Үшарал қаласы бойынша:
Үшарал қаласы, Бөгенбай батыр және М. Дулепов көшелерінің қиылысындағы тақта;
Үшарал қаласы, Д. Қонаев және С. Құсайын көшелерінің қиылысындағы тақта;
Үшарал қаласы, Абылайхан және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы тақта.
2 2. Бескөл ауылдық округі бойынша:
Бескөл ауылы, Достық көшесі № 33/1, теміржол вокзалы жанындағы тақта;
Бескөл ауылы, А. Бейсеуов көшесіндегі № 15 үйдің жанындағы тақта;
Бескөл ауылы, Амангелді көшесі № 1, «Алакөл көмір» ЖШС ғимаратының жанындағы тақта;
Бұлақты ауылы, Б. Момышұлы және Ш. Уалиханов көшелерінің қиылысындағы тақта.
3 3. Қабанбай ауылдық округі бойынша:
Қабанбай ауылы, Абылайхан және Ә. Әлімжанов көшелерінің қиылысындағы тақта;
Қабанбай ауылы, Абылайхан көшесі № 86, Қабанбай батыр атындағы тарихи- өлкетану мұражайы ғимаратының жанындағы тақта.
4 4. Достық ауылдық округі бойынша:
Достық ауылы, Теміржолшылар көшесі № 11, Достык бекеті теміржол вокзалы ғимаратының жанындағы тақта;
Достық ауылы, Абай және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы тақта;
Достық ауылы, Б. Момышұлы көшесі № 14, «Алакөл ауданының Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Нұрлытаң» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы тақта.
5 5. Ақтүбек ауылдық округі бойынша:
Ақтүбек ауылы, С. Байтұқбаев және Р. Алекеев көшелерінің қиылысындағы тақта;
Ақтүбек ауылы, Т. Ысқақов және Р. Алекеев көшелерінің қиылысындағы тақта.
6 6. Ынталы ауылдық округі бойынша:
Ынталы ауылы, Қабанбай батыр және М. Жұмабаев көшелерінің қиылысындағы тақта.
7 7. Жанама ауылдық округі бойынша:
Жанама ауылы, Қ. Ақбаев және Д. Қонаев көшелерінің қиылысындағы тақта.
8 8. Еңбекші ауылдық округі бойынша:
Еңбекші ауылы, Ы. Алтынсарин және М. Ауезов көшелерінің қиылысындағы тақта.
9 9. Жағатал ауылдық округі бойынша:
Қазақстан ауылы, І. Жансүгіров және Қ. Шуақов көшелерінің қиылысындағы тақта.
10 10. Арқарлы ауылдық округі бойынша:
Арқарлы ауылы, Ш. Уалиханов көшесі № 1, «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арқарлы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
11 11. Қайнар ауылдық округі бойынша:
Қайнар ауылы, Қабанбай батыр көшесі № 4, Қайнар ауылдық клубы ғимаратының жанындағы тақта;
Қайнар ауылы, Қабанбай батыр және С. Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы тақта.
12 12. Жайпақ ауылдық округі:
Жайпақ ауылы, Қабанбай батыр және Ж. Тайботанов көшелерінің қиылысындағы тақта.
13 13. Қызылащы ауылдық округі бойынша:
Ж. Балапанов ауылы, С. Оразбеков және М. Бейсенбай көшелерінің қиылысындағы тақта;
Ж. Балапанов ауылы, С. Оразбеков көшесі № 19, дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы тақта.
14 14. Ырғайты ауылдық округі бойынша:
Ақши ауылы, С. Сейфуллин көшесі № 48, дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы тақта;
Көктұма ауылы, Х. Бектуров көшесі № 1, «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктұма қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
15 15. Қамысқала ауылдық округі бойынша:
Қамысқала ауылы, Б. Момышұлы көшесі № 1, дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы тақта.
16 16. Теректі ауылдық округі бойынша:
Теректі ауылы, Т. Рысқұлов № 63, дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы тақта;
Теректі ауылы, Қ. Баянбаев және Т. Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы тақта.
17 17. Сапақ ауылдық округі бойынша:
Сапақ ауылы, Бейбітшілік көшесі № 52, дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы тақта;
Бибақан ауылы, Желтоқсан көшесі № 12, «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бибақан негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
18 18. Тоқжайлау ауылдық округі бойынша:
Тоқжайлау ауылы, Бөгенбай батыр және Ертарғын көшелерінің қиылысындағы тақта.
19.Үшбұлақ ауылдық округі бойынша:
Айпара ауылы, Ынтымақ көшесіндегі № 4 үйдің жанындағы тақта;
Үшбұлақ ауылы, Б. Жансейтов көшесі № 37, «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Безродных атындағы орта мектебі мектеп жасында дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта.
20 20. Ақжар ауылдық округі бойынша:
Қоңыр ауылы, Бейбітшілік көшесі № 75, фельдшер-акушерлік пункт ғимаратының жанындағы тақта;
Ақжар ауылы, О. Оразов және Қ. Рысқұлбеков көшелерінің қиылысындағы тақта.
21 21. Екпінді ауылдық округі бойынша:
Екпінді ауылы, Қазақстан және Х. Нұрманбетова көшелерінің қиылысындағы тақта;
Қарлығаш ауылы, Ә. Әлімжанов көшесіндегі № 6 үйдің жанындағы тақта;
Үшқайың ауылы, Т. Абдолдин көшесіндегі № 7 үйдің жанындағы тақта.
22 22. Жыланды ауылдық округі бойынша:
Әшім ауылы, Н. Мұқанов көшесі № 45, «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төңкеріс негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы тақта;
Жыланды ауылы, Н. Қазанғапов және А. Ағынтаев көшелерінің қиылысындағы тақта;
Шынжылы ауылы, Есімтөре көшесіндегі № 25 үйдің жанындағы тақта;
Көкжар ауылы, Бейбітшілік көшесі № 7, медициналық пункті ғимаратының жанындағы тақта.
23 23. Көлбай ауылдық округі бойынша:
Көлбай ауылы, Қазақстан көшесі № 29, дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы тақта;
Қызылқайың ауылы, Ы. Алтынсарин көшесіндегі № 12 үйдің жанындағы тақта.
24 24. Лепсі ауылдық округі бойынша:
Лепсі ауылы, Ш. Уалиханов көшесіндегі № 5 үйдің жанындағы тақта;
Байзерек ауылы, Ж. Жабаев көшесі № 33, медициналық пункті ғимаратының жанындағы тақта.