Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 189 · қабылданған 29.07.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-145243/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 189 ·29.07.2020
11.01.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 189 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
189
Қабылданған күні
29.07.2020
Көрсетілген редакция
11.01.2021 145243_504617.kaz
Соңғы өзгеріс
11.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CCA07318
ЭКБ идентификаторы
145243
Редакция идентификаторы
145243_504617
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:22

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 2-6-3/51 ұсынысы негізінде, Алға қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Алға қаласының Комсомольская және Сарыжайлау көшелерінің аумағында мүйізді ірі-қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2. «Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы