Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядок их использования, норм предельной заполняемости, требований к материально-техническому и организационному обеспечению, а также границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Осакаровского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядок их использования, норм предельной заполняемости, требований к материально-техническому и организационному обеспечению, а также границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Осакаровского района
- Атауы (қаз.)
- Осакаров ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттерді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 871
- Қабылданған күні
- 24.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2024 145247_684131.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KO005993
- ЭКБ идентификаторы
- 145247
- Редакция идентификаторы
- 145247_684131
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:24
0 Осакаров ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды,
сондай-ақ пикеттерді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3
3. Осакаров аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы № 616 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3727 тіркелген, «Сельский труженик» газетінің 2016 жылғы 16 сәуірдегі № 15 (7499) санында жарияланған, 2016 жылғы 20 сәуірде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған).
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Осакаров аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 24 шілдесі
№ 871
Шешіміге 1- қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1 1. Осакаров ауданында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:
1 1) Осакаровка кентінің мәдени – демалыс орталығының алаңы. Шекті толу нормасы - 1000 адам;
2 2) Осакаров кентінің мәдениет және демалыс саябағы. Шекті толу нормасы - 700 адамға дейін;
3 3) Молодежный кентінің мәдени-демалыс орталығы алдындағы алаңы. Шекті толу нормасы - 500 адам.
Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс
Осакаров ауданында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:
Гагарин/Хайрулла Байғабылов көшелерінің қиылысындағы Хайрулла Байғабылов, Достық көшелерінің бойымен Осакаровка кентінің мәдени-демалыс орталығының алаңына дейін.
2 2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:
1 1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;
2 2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
3 3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.
1 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Осакаров аудандық мәслихатының
2020 жылғы 24 шілдедегі
№ 871
шешіміне 2 қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Осакаров ауданының келесі объектілерінде 800 метр кем емес қашықтықта айқындайды: