Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по изданию учебников, учебно-методических комплексов, электронных учебников и дополнительной учебной литературы для организаций образования

Қаулы · № 171 · қабылданған 19.02.2003
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-14526/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по изданию учебников, учебно-методических комплексов, электронных учебников и дополнительной учебной литературы для организаций образования Қолданыста Қаулы ·№ 171 ·19.02.2003
23.07.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по изданию учебников, учебно-методических комплексов, электронных учебников и дополнительной учебной литературы для организаций образования

Қолданыста Қаулы ·№ 171 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по изданию учебников, учебно-методических комплексов, электронных учебников и дополнительной учебной литературы для организаций образования
Атауы (қаз.)
Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдістемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлік талаптарын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
171
Қабылданған күні
19.02.2003
Көрсетілген редакция
23.07.2013 AI14526_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P030000171_
ЭКБ идентификаторы
14526
Редакция идентификаторы
AI14526_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:27

0 Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдістемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлік талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Қоса беріліп отырған бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

3 Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиетiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2003 жылғы 19 ақпандағы
N 171 қаулысымен
бекiтiлген
Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиетiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

1 1. Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер және қосымша оқу әдебиетiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) заңды тұлға үшiн - редакциялық-баспа қызметiн көрсету рыногында кемiнде 2 жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуын;

жеке тұлға үшiн - редакциялық-баспа қызметiн көрсетуге мамандандырылған ұйымның басшысы немесе редакторы лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуын;

2 2) ұлттық стандарттарға сәйкес келетiн полиграфиялық орындалған кiтап өнiмдерiн шығаруға мамандандырылған полиграфиялық базаның болуын;

3 3) бiлiктi кадрлардың:

білім беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, қосымша оқу әдебиетiн дайындау бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс стажы бар редакторлардың;
пәндiк бiлiмдер саласындағы мамандардың (ғылым докторы немесе кандидаты немесе кемiнде 3 жыл педагогикалық стажы бар жоғары санат мұғалiмiнiң);
пәндердi оқыту әдiсi саласындағы мамандардың (педагогикалық ғылымның докторы немесе кандидаты немесе кемiнде 3 жылдық педагогикалық стажы бар жоғары санат мұғалiмiнiң) болуын қамтиды.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.

2 2. Бiлiм беру ұйымдары үшiн электрондық оқулықтар шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктілік талаптары:

1 1) заңды тұлға үшiн - электронды басылымдар жасау бойынша қызмет көрсету рыногында кемiнде 2 жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуын;

жеке тұлға үшiн - электронды басылымдар жасау бойынша қызмет көрсетуге мамандандырылған ұйымның басшысы, программист немесе редакторы лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуын;

2 2) ұлттық стандарттарға сәйкес келетін электрондық оқулықтардың шығарылуын қамтамасыз ететiн компьютерлiк және ұйымдастыру техникасының болуын;

3 3) бiлiктi кадрлардың:

пәндердi оқыту әдiсi саласындағы мамандардың (педагогикалық ғылым докторы немесе кандидаты немесе кемiнде 3 жыл педагогикалық стажы бар жоғары санат мұғалiмiнiң);
пәндiк бiлiмдер саласындағы мамандардың (ғылым докторы немесе кандидаты немесе кемiнде 3 жыл педагогикалық стажы бар жоғары санат мұғалiмiнiң);
жоғары білiмдi программистердің;
электронды оқулық дайындау бағытында кемiнде 1 жыл жұмыс стажы бар редакторлардың болуын қамтиды.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.

Қолданыстағы