Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений кандидатам в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан для встреч с избирателями

Қаулы · № 01-1495 · қабылданған 30.07.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-145285/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений кандидатам в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан для встреч с избирателями Күшін жойған 17.10.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений кандидатам в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан для встреч с избирателями

Күшін жойған Қаулы № 01-1495 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений кандидатам в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан для встреч с избирателями
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру және сайлаушылармен кездесулер өткізу орындарын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
01-1495
Қабылданған күні
30.07.2020
Көрсетілген редакция
17.10.2022 145285_598375.kaz
Соңғы өзгеріс
17.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20A0001282
ЭКБ идентификаторы
145285
Редакция идентификаторы
145285_598375
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:21
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенатының депутаттығына
кандидаттардың үгіт-насихат баспа
материалдарын орналастыру және
сайлаушылармен кездесулер
өткізу орындарын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін орын-жайлар шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес берілсін.

3. Мыналардың:

1) «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орынжайлар беру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 06-1499 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 841 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйекте «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған);

2) «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орынжайлар беру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 06-1499 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 104-1155 қаулысының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1107 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 маусымда «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

1 Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

2020 жылғы 30 шілдесі
№ 01-1495 қаулысына
1-қосымша
Р/с

Орналастыру орны
Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы бойынша
1.
Қажымұқан және А. Петров көшелерінің қиылысы («Орбита» сауда үйі ауданы)
Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы бойынша
2.
Ш. Уәлиханов көшесі мен Абай даңғылының қиылысы («Жаннұр» сауда үйінің ауданы)
Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы бойынша
3.
Мәңгілік Ел даңғылы мен Д. Қонаев көшесінің қиылысы
Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы бойынша
4.
Бейбітшілік көшесі, № 9 үйдің ауданы («Sine Tempore» сауда үйі ауданы)

2 Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

2020 жылғы 30 шілдесі
№ 01-1495 қаулысына
2-қосымша
Р/с

Орын-жайдың орналасқан жері
Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы бойынша
1.
Қ. Сәтбаев көшесі, № 2, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, акт залы
Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы бойынша
2.
А. Бараев көшесі, № 9/2, «Тұран Астана» колледжі, акт залы
Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы бойынша
3.
Қабанбай батыр даңғылы, № 53, Қазақстандық Триатлон Федерациясы, мәжіліс залы
Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы бойынша
4.
Бейбітшілік көшесі, № 11, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты, мәжіліс залы