Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба

Өзге акт · № 20 · қабылданған 04.08.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-145297/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Күшін жойған Өзге акт ·№ 20 ·04.08.2020
29.05.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба

Күшін жойған Өзге акт ·№ 20 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба
Атауы (қаз.)
Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20
Қабылданған күні
04.08.2020
Көрсетілген редакция
29.05.2023 145297_635672.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20ZA006334
ЭКБ идентификаторы
145297
Редакция идентификаторы
145297_635672
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:19

0 Жергілікті ауқымдағы техногендік

сипаттағы төтенше жағдайды
жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына және 2020 жылғы 21 шілдедегі Орал қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысының №06-16/1761 хаттамасына сәйкес, Орал қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Неусыпов көшесі бойындағы өзі ағынды кәріздік коллектордағы апатқа және қала тұрғындарына ауыз су жетпеу мәселесіне байланысты Орал қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2 2. Төтенше жағдайдың салдарын жою басшысы болып Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Мүлкәй тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

3 3. Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы (Ж.Дуйсенгалиев) зардап шеккен объектілерді тексеру жүргізсін.

4 4. Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы (И.Джазыкбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

5 5. Осы шешімнің орындалуын қадағалау өзіме қалдырамын.

6 6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы