Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы ручья без названия (левобережная сторона) в районе села Ушбулак, в створе испрашиваемого земельного участка, в Курчумском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы ручья без названия (левобережная сторона) в районе села Ушбулак, в створе испрашиваемого земельного участка, в Курчумском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Үшбұлақ ауылы ауданындағы сұралып отырған жер учаскесінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлақтың (сол жағалау) су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 253
- Қабылданған күні
- 27.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.07.2020 145302_476620.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20V0007427
- ЭКБ идентификаторы
- 145302
- Редакция идентификаторы
- 145302_476620
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:24
0 Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Үшбұлақ ауылы ауданындағы сұралып отырған жер учаскесінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлақтың (сол жағалау) су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының
8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және
су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Үшбұлақ ауылы ауданындағы сұралып отырған жер учаскесінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлақтың (сол жағалау) су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Үшбұлақ ауылы ауданындағы сұралып отырған жер учаскесінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлақтың (сол жағалау) су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.
2 2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Күршім ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
______________ Е. Камбаров
2020 жылғы «___»_______________
11 Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Үшбұлақ ауылы ауданындағы сұралып отырған жер учаскесінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлақтың (сол жағалау) су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы
27 шілдесі № 253 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Үшбұлақ ауылы ауданындағы сұралып отырған жер учаскесінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлақтың (сол жағалау) су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Атауы жоқ бұлақ, сол жағалау
0,9767
41,3
319,7-601,2
0,9434
5,2
55
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.