Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы ручья без названия в створе земельного участка, предназначенного для реализации через аукцион для выпаса сельскохозяйственных животных, на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 246 · қабылданған 22.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-145305/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы ручья без названия в створе земельного участка, предназначенного для реализации через аукцион для выпаса сельскохозяйственных животных, на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 246 ·22.07.2020
22.07.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы ручья без названия в створе земельного участка, предназначенного для реализации через аукцион для выпаса сельскохозяйственных животных, на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 246 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы ручья без названия в створе земельного участка, предназначенного для реализации через аукцион для выпаса сельскохозяйственных животных, на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскесінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
246
Қабылданған күні
22.07.2020
Көрсетілген редакция
22.07.2020 145305_476630.kaz
Соңғы өзгеріс
22.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20V0007429
ЭКБ идентификаторы
145305
Редакция идентификаторы
145305_476630
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:26

0 Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскесінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының
8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскесінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

2

2) Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскесінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлақтың аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Күршім ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
______________ Е. Камбаров
2020 жылғы «___»_______________

11 Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскесінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы
22 шілдесі № 246 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскесінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлақтың су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Атауы жоқ бұлақ
оң жақ жағалау
3,1
154,7
500
3,1
20,6
50-75
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы