О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Нуринского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Нуринского района
- Атауы (қаз.)
- Нұра ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 468
- Қабылданған күні
- 30.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2024 145332_698395.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KN006001
- ЭКБ идентификаторы
- 145332
- Редакция идентификаторы
- 145332_698395
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:20
0 Нұра ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабына сәйкес Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3
3. Нұра аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 458 «Нұра ауданында бейбiт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3730 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірдегі № 13 (5451) «Нұра» газетінде, 2016 жылғы 8 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, пайдалану тәртібі және олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Нұра аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 30 шілдесі
№ 468
шешіміне 1-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, пайдалану тәртібі және олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1 1. Нұра ауданында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:
1 1) Нұра кенті: С. Сейфуллин көшесіндегі К. Мыңбаевтың ескерткіш мүсіні орналасқан алаңы. Шекті толу нормасы - 300 адам;
2 2) Нұра кенті: Абай көшесі, 24 А «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Нұра ауданының бөлімі» орналасқан ғимараты алдындағы алаң. Шекті толу нормасы - 300 адам.
Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс.
Нұра ауданында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:
1 1) Нұра кенті: С. Сейфуллин көшесі бойымен, К. Мыңбаев/С. Сейфуллин көшелерінің қиылысынан бастап Қонаев/С. Сейфуллин көшелерінің қиылысына дейін;
2 2) Нұра кенті: Абай көшесі бойымен, Бейбітшілік/Абай көшелерінің қиылысынан бастап С. Сейфуллин/Абай көшелерінің қиылысына дейін.
2 2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:
1 1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;
2 2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
3 3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.
1 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Нұра аудандық мәслихатының
2020 жылғы 30 шілдедегі
№ 468
шешіміне 2 қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары