Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан

Бұйрық · № 286 · қабылданған 04.08.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-145339/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 286 ·04.08.2020
04.08.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 286 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
286
Қабылданған күні
04.08.2020
Көрсетілген редакция
04.08.2020 145339_475239.kaz
Соңғы өзгеріс
04.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021060
ЭКБ идентификаторы
145339
Редакция идентификаторы
145339_475239
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:19

0 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ж. Шапкеновқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің 2020 жылғы
4 тамызы № 286 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 328-ө-м бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8599 болып тіркелген, 2013 жылғы 24 тамызда № 197 (28136) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша, сондай-ақ қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде ішкі қоныс аударушылар қоныс аударған жағдайда уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша, сондай-ақ қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде ішкі қоныс аударушылар қоныс аударған жағдайда уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша, сондай-ақ қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде ішкі қоныс аударушылар қоныс аударған жағдайда уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары мен мерзімдері Тізбеге
1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген, 2013 жылғы

27 тамызда № 198 (28137) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) оралман – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
3) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Құжаттарды қараудың және оралман мәртебесін берудің жалпы мерзімі төрт жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Этникалық қазақтың жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) болған жағдайда құжаттарды қарау және оралман мәртебесін беру жалпы мерзімі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Өтінішті «Оралман» ААЖ-да тіркеген кезде жергілікті атқарушы орган өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) деректерін «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – «Жеке тұлғалар» МДҚ) арқылы оның (олардың) ЖСН-дарының болуын тексереді.
ЖСН бар екені анықталған жағдайда жаңа ЖСН генерациясы жүзеге асырылмайды, жергілікті атқарушы орган тіркеу кезінде қолда бар ЖСН-ді пайдаланады.
«Жеке тұлғалар» МДҚ-да ЖСН болмаған кезде жергілікті атқарушы орган өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) деректерін өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу жолымен «Оралман» ААЖ-ға енгізеді және ЖСН генерациялау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Көші-қон полициясы» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ІІМ «Көші-қон полициясы» АЖ) электрондық сұрау салу жібереді.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22.Оралман мәртебесін ұзарту үшін оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мақсатында Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар мемлекеттік корпорацияға не жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес бұдан бұрын берілген оралман мәртебесін ұзарту туралы өтініш береді.
Оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді Заңның 21-бабының
2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган алты айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды.»;
2-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3

3. «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидаларын және Уақытша орналастыру орталықтарының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 330-ө-м бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8601 болып тіркелген,
2013 жылғы 27 тамызда № 260 (27534) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)
11-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындайды.»;
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтері – оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін қызметтер (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) кешені;
2) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және оралмандарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетуге және олардың уақытша тұруына арналған заңды тұлға;
3) оралман – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Орталық қызметінің тәртібі»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша орналастыру орталықтары қызметінің қағидалары Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

4

4. «Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында тұру мерзімдері мен қағидаларын, сондай-ақ оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 331-ө-м бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8600 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 тамызда № 198 (28137) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында тұру мерзімдері мен қағидаларында:
1, 2 және 3-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2-тарау. Өтініш беру»;
«3-тарау. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта тұру тәртібі мен мерзімдері»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне Бейімдеу және ықпалдастыру орталығында бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтері – оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін қызметтер (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) кешені;
2) оралман – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету тәртібі».

5

5. «Қазақстан Республикасына оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыларды төлеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бұйрығында («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 24 ақпанда № 13047 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасына оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыларды төлеудің үлгілік қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Үлгілік қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) оралман – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
2) өтініш беруші – оралман мәртебесін алған этникалық қазақ;
3) төлем жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейлі банктер немесе қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк оперецияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар;
4) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырушы, ЖАО-ның құрылымдық бөлімшесі.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Біржолғы жәрдемақыны төлеу тәртібі».

6

6. «Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасына біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы
13 қаңтардағы № 13 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13054 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда
№ 191 (28919) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) өтініш беруші – шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін өтініш білдіретін Қазақстан Республикасының азаматы;
2) туыстар – үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін ортақ ата-бабалары бар туыстық қатынастағы адамдар;
3) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландырудың тәртібі мен мерзімі»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтініш беруші шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Бұл ретте аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарыда отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстану үшін шақыруларын қабылдайды және бұл шақыруларды республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
Өтінішке:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шақыру;
2) шақырушы адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.».

7 7. «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының

2016 жылғы 13 қаңтардағы № 13 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13054 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 наурыздағы № 47 (28775) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері – Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері;
3) оралман – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
4) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айықындаған өңірлердің жергілікті атқарушы органдары құрған оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі тиісті комиссиялар;
5) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Заңның 8-бабы
5) тармашасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
6) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) жергiлiктi атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басшылығымен өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен өзiн-өзi басқаруды басшылыққа алатын алқалы атқарушы орган;
8) этникалық қазақ –ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.».

1 Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары мен мерзімдері

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және Қазақстан
Республикасы Денсулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі міндетін
атқарушының өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары мен мерзімдері

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 24-бабы 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және этникалық қазақтар және қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн уақытша орналастыру орталықтарында бастапқы қоныстандыру тәртiбiн және болу мерзімдерін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1 1) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

2 2) уақытша орналастыру орталығы (бұдан әрі – Орталық) - этникалық қазақтар және қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнің оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруына арналған тұрғын үй.

3 3) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

2 2-тарау. Этникалық қазақтар және қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін Орталықта алғашқы қоныстандыру тәртібі және олардың болу мерзімі

3 3. Орталыққа алғашқы қоныстандыру үшін этникалық қазақ немесе қоныс аударушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органға өтініш береді.

Халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган өтінішті берген күні қарайды.

4 4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш Уақытша орналастыру орталығында этникалық қазақты немесе қоныс аударушыны, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін алғашқы қоныстандыруды тiркеу журналына тiркеледi.

5

5. Өтінішті қарағаннан кейін халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді және ол этникалық қазақтарды немесе қоныс аударушыларды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн Орталықта алғашқы қоныстандыруды тіркеу журналына тіркеледі.

6 6. Этникалық қазақ немесе қоныс аударушы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері жолдаманы алғаннан кейін бір жұмыс күні iшiнде Орталыққа орналастырылады.

7 7. Орталыққа қоныстандыру мерзімі сақталмаған жағдайда, этникалық қазақ немесе қоныс аударушы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері қоныстану құқығын жоғалтады. Бұл ретте олардың Орталыққа алғашқы қоныстандыруға қайта өтініш беру құқығы сақталады.

8 8. Орталықта бос төсек-орын болмаған кезде өтініш қабылдаудан және оны тіркеуден бас тартылмайды.

Бұл жағдайда этникалық қазақ немесе қоныс аударушы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері жолдама бермей өтініш беру кезектілігі тәртiбiнде халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган құратын резервке қабылданады.

9 9. Орталықта төсек-орын босаған кезде халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган кезектiлiк тәртiбiмен Орталыққа қоныстандыру үшін этникалық қазақ немесе қоныс аударушы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне жолдама бередi.

10 10. Орталыққа этникалық қазақтан немесе қоныс аударушыдан, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінен басқа адамдарды орналастыруға тыйым салынады.

11 11. Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері Орталықта оралман мәртебесін алғанға, қоныс аударушы және оның отбасы мүшелері жұмыс берушімен еңбек шарты жасалғанға дейін, күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзім тұра алады.

12

12. Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері оларға оралман мәртебесiн берген немесе оралман мәртебесін беруден бас тартылған күннен бастап, қоныс аударушы және оның отбасы мүшелері жұмыс берушімен еңбек шартын жасаған күннен бастап немесе жұмыс берушімен шарт жасаудан бас тартқан жағдайда өздеріне Орталықтан берілген үй-жайды бес жұмыс күні iшiнде босатады.

1.1 Өтініш

Этникалық қазақтарды және олардың
отбасы мүшелерін оралман мәртебесін
алғанға дейін олардың қалауы бойынша
уақытша орналастыру орталықтарына
алғашқы қоныстандыру қағидалары мен
мерзімдеріне 1-қосымша
Нысан
басшыға ___________________
(халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органның атауы)
___________________________
(этникалық қазақтың немесе қоныс аударушының тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты)
Өтініш
Сiзден мені және _____ адамнан тұратын менің отбасымның мүшелерін Уақытша орналастыру орталығына оралман мәртебесін алғанға немесе жұмыс берушімен еңбек шартын жасағанға дейін қоныстандыруды сұраймын, бірақ күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімге бір рет қоныстандыруды сұраймын (қажетінің астын сызу қажет).
_____________ ______________
(күні) (қолы)

1.2 Уақытша орналастыру орталығына этникалық қазақтар мен қоныс аударушыларды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін бастапқы қоныстандыруды тiркеу ЖУРНАЛЫ

Этникалық қазақтарды және олардың
отбасы мүшелерін оралман мәртебесін
алғанға дейін олардың қалауы бойынша
уақытша орналастыру орталықтарына
алғашқы қоныстандыру қағидалары мен
мерзімдеріне 2-қосымша
Нысан
Уақытша орналастыру орталығына этникалық қазақтар мен қоныс аударушыларды,
сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін бастапқы қоныстандыруды тiркеу
ЖУРНАЛЫ
Р/с

Кі­ріс өті­ніш­те­рі­нің түс­кен кү­ні
Өтiнiш бе­ру­ші эт­ни­ка­лық қа­з­ақ­тың немес қо­ныс ауда­ру­шы­ның
те­гі, аты және болған жағ­дай­да әке­сі­нің аты
Ту­ған жерi және күнi
Шық­қан елi неме­се өңі­рі
Жол­да­ма­ның нө­мiрi және берiл­ген күнi
________________ басталды
_______________ аяқталды

1.3 №_______ЖОЛДАМА

Этникалық қазақтарды және олардың
отбасы мүшелерін оралман мәртебесін
алғанға дейін олардың қалауы бойынша
уақытша орналастыру орталықтарына
алғашқы қоныстандыру қағидалары мен
мерзімдеріне 3-қосымша
Нысан
№_______ЖОЛДАМА
____________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, этникалық қазақтың немесе қоныс
аударушының туған күнi)
20___жылғы «___» _______ мерзімге дейін Уақытша орналастыру орталығына қоныстандыру
үшiн жолданады.
Отбасы мүшелерi:
1.__________________________________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)
2.__________________________________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)
3.__________________________________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)
4.__________________________________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)
5.__________________________________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)
6.__________________________________________________________________________________
(Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)
…….
______________ облысының,
республикалық маңызы бар қала мен
астананың халықтың көші-қон саласындағы
жергілікті атқарушы органның басшысы __________________________________М.О.
(Тегі, аты болған жағдайда әкесінің аты
________________
(берілген күні)

2 «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және Қазақстан
Республикасы Денсулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі міндетін
атқарушының өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Оралман мәртебесін
беру немесе ұзарту
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры көр­се­те­ді.
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган не Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі – 4 жұ­мыс кү­ні ішін­де.
Эт­ни­ка­лық қа­з­ақ­тың же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі болған жағ­дай­да құ­жат­тар­ды қа­ра­удың жал­пы мер­зі­мі және орал­ман мәр­те­бе­сін бе­ру 3 жұ­мыс кү­ні ішін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де құ­жат­тар­дың топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 ми­нут, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – 15 ми­нут;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 ми­нут, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – 20 ми­нут.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі: орал­ман мәр­те­бе­сін бе­ру ке­зін­де – орал­ман ку­ә­лі­гін бе­ру, орал­ман мәр­те­бе­сін ұзар­тқан жағ­дай­да – осы Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның ше­ші­мі.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция 1 (бір) жыл ішін­де құ­жат­тар­дың Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ақ­па­рат­тық жүй­е­сін­де сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ете­ді.
Өті­ніш бе­ру­ші­нің сұ­ра­уы бой­ын­ша Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­нан бұ­рын алын­ған орал­ман ку­ә­лі­гін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нен жүк­теп бе­ре­ді не өті­ніш бе­ру­ші орал­ман ку­ә­лі­гін элек­трон­дық үкі­мет пор­та­лы ар­қы­лы өз бе­тін­ше ала­ды.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
Жұ­мыс кесте­сі:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де - www.​enbek.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру: са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­ді;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тір­кел­ген же­рі бой­ын­ша, же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз элек­трон­дық ке­зек тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­ді, пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ке­зек­ті бронь­да­у­ға бо­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін өті­ніш­ке мы­на­дай құ­жат­тар қо­са бе­рі­ле­ді:
1) өмір­ба­ян (ер­кін ны­сан­да);
2) өті­ніш бе­ру­ші­нің және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің (бар бол­са) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі, но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған қа­зақ неме­се орыс ті­лін­де­гі аудар­ма­сы­мен (туу ту­ра­лы ку­ә­лік, ше­тел­дік пас­порт, аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі неме­се эт­ни­ка­лық қа­з­ақ­тар­дың шық­қан ел­де­рі­нің ар­найы ор­ган­да­ры­ның бас­қа да ре­сми құ­жат­та­ры 2-тар­ма­ғы­ның 3) тар­мақ­ша­сын­да көз­дел­ген шар­ттар­ға сәй­кест­і­гін бел­гі­лей­тін құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның шет ел­дер­де­гі ме­ке­ме­ле­рі ар­қы­лы орал­ман мәр­те­бе­сін бе­ру­ге жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның ке­лі­сі­мін ал­ған өті­ніш бе­ру­ші­лер өті­ніш­ке бұ­рын бе­рі­л­ген орал­ман мәр­те­бе­сін бе­ру­ге ке­лі­сім ту­ра­лы ше­шім­нің кө­шір­ме­сін қо­са бе­ре­ді.
Өті­ніш бе­ру­ші­лер орал­ман мәр­те­бе­сін ұзар­тқан кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын оңай­ла­ты­л­ған (тір­кеу) тәр­тіп­пен алу мақ­са­тын­да өті­ніш­ті және бұ­рын бе­рі­л­ген орал­ман мәр­те­бе­сі­нің кө­шір­ме­сін бе­ре­ді.
Құ­жат­тар са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін түп­нұс­қа­лар­да және кө­шір­ме­лер­де ұсы­ны­ла­ды, кей­ін­нен құ­жат­тар­дың түп­нұс­қа­ла­ры (өмір­ба­ян­ды қо­с­па­ған­да) өті­ніш бе­ру­ші­ге қай­та­ры­ла­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алу­ға бо­ла­тын құ­жат­тар­ды та­лап ету­ге жол бе­ріл­мей­ді.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Орал­ман мәр­те­бе­сін бе­ру не одан бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім­ді жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган қа­был­дай­ды және өті­ніш­ті жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган тір­ке­ген күн­нен ба­стап бес жұ­мыс кү­ні ішін­де Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес ре­сім­де­ле­ді.
Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган:
1) өті­ніш бе­ру­ші мен оның от­ба­сы мү­ше­ле­рі (бар бол­са) осы Қа­ғи­да­лар­дың 2-тар­ма­ғы
2) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес кел­ме­ген;
2) өті­ніш бе­ру­ші мен оның от­ба­сы мү­ше­ле­рі (бар бол­са) осы Қа­ғи­да­лар­дың 2-тар­ма­ғы
3) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес кел­ме­ген;
3) ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың дәй­ек­сіз­ді­гі фак­ті­сі анық­тал­ған кез­де орал­ман мәр­те­бе­сін бе­ру­ден бас тар­та­ды.
Со­ны­мен қа­тар, «Орал­ман» ААЖ ар­қы­лы өті­ніш бе­ру­ші­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын ал­ға­нын рас­тау, Қа­ғи­да­лар­дың 24-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген өті­ніш бе­ру мер­зі­мі­нің өтуі орал­ман мәр­те­бе­сін ұзар­ту­дан бас тар­ту үшін негіз бо­лып та­бы­ла­ды.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту, өз бе­тін­ше жү­ріп-тұ­ру, бағ­дар­ла­ну қа­бі­ле­тін то­лық неме­се іші­на­ра жо­ғал­тқан өті­ніш бе­ру­ші­лер­ге мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі 1414, 8 800 080 7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы жү­гі­ну жо­лы­мен тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып жүр­гі­зе­ді.

3 Уақытша орналастыру орталықтары қызметінің қағидалары

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және Қазақстан
Республикасы Денсулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі міндетін
атқарушының өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
Уақытша орналастыру орталықтары қызметінің қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Уақытша орналастыру орталықтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін анықтайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

2 2) уақытша орналастыру орталығы – этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерінің оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруына арналған тұрғын жай;

3 3) этникалық қазақ – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

3 3. Орталық қызметінің негізгі міндеті этникалық қазақтар немесе қоныс аударушылар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруын қамтамасыз ету болып табылады.

4 4. Орталықты қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Орталық қызметінің тәртібі

5

5. Орталықта уақытша негізде тұру үшін этникалық қазақтар және қоныс аударушылар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері (этникалық қазақ және оның отбасы мүшелері оралман мәртебесін алғанға, қоныс аударушы және оның отбасы мүшелері жұмыс берушімен еңбек шартын жасағанға дейін, бірақ күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзім) Орталыққа бір рет тегін орналастырылады.

6 6. Орталықта этникалық қазақтар мен қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің тұруы үшін қажетті жағдайлар жасалады.

7 7. Орталыққа орналастыру және ол жерде этникалық қазақтарды және қоныс аударушыларды ұстау Қазақстан Республикасының медициналық қамсыздандыру, санитарлық саулық, сәулеттік реттеу, құрылыс саласы, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық салаларының талаптарына сай болуға тиіс.

Қолданыстағы