Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении размера дивидендов (дохода) акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, находящихся в областной коммунальной собственности

Қаулы · № 171 · қабылданған 06.08.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-145357/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об установлении размера дивидендов (дохода) акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, находящихся в областной коммунальной собственности Күшін жойған 31.03.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении размера дивидендов (дохода) акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, находящихся в областной коммунальной собственности

Күшін жойған Қаулы № 171 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размера дивидендов (дохода) акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, находящихся в областной коммунальной собственности
Атауы (қаз.)
Облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
171
Қабылданған күні
06.08.2020
Қолданысқа енгізілген күні
18.08.2020
Көрсетілген редакция
31.03.2026 145357_814395.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20G0004693
ЭКБ идентификаторы
145357
Редакция идентификаторы
145357_814395
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:18
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың

акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне 10 (он) пайыз, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне дивидендтерінің (табыстарының) көлемі таза табысынан 50 (елу) пайыз мөлшерде белгіленсін.

2. Облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығы берілген мемлекеттік органдар дивидендтердің (кірістердің) белгіленген көлемінің облыстық бюджетке толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз етсін.

3. «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін

орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен

бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.