Құжат мәтініне өту

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по городу Усть-Каменогорску

Өзге акт · № 59/3-VI · қабылданған 30.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 28.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-145451/on/2026-08-28/
Басып шығарылды 2026-08-28 · adilet.kz
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по городу Усть-Каменогорску Қолданыста Өзге акт ·№ 59/3-VI ·30.07.2020
30.07.2020 редакциясы
28.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по городу Усть-Каменогорску

Қолданыста Өзге акт ·№ 59/3-VI · 28.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по городу Усть-Каменогорску
Атауы (қаз.)
Өскемен қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
59/3-VI
Қабылданған күні
30.07.2020
Көрсетілген редакция
30.07.2020 145451_475677.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VA007442
ЭКБ идентификаторы
145451
Редакция идентификаторы
145451_475677
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:21

0 Өскемен қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру

және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық
және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес
аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Айқындалсын:

осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Өскемен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;
осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;
осы шешімнің 4 қосымшасына сәйкес Өскемен қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары.

2 2. Осы шешімнің 5 қосымшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихатының шешімдері күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Өскемен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары

Өскемен қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 30 шілдесі
№ 59/3-VI шешіміне
қосымша 1
Өскемен қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары
р/с

Арнайы орын
Шекті толу
нормасы
1.
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 68 үй бойындағы ғимараттың алдындағы алаң
100 адамнан
артық емес
2.
Гагарин бульвары бойындағы «Восток» стадионының алдындағы алаң
100 адамнан
артық емес
3.
Шәкәрім даңғылынан Гоголь көшесімен Бажова көшесіне дейін

2 Өскемен қаласында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Өскемен қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 30 шілдесі
№ 59/3-VI шешіміне
қосымша 2
Өскемен қаласында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1 1. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде дыбыс-бейне жазу техникасын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.

2 2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

3 Өскемен қаласында арнайы орындарды пайдалану тәртібі

Өскемен қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 30 шілдесі
№ 59/3-VI шешіміне
қосымша 3
Өскемен қаласында арнайы орындарды
пайдалану тәртібі
Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы жерлерде өткізіледі.
Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.
Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады немесе тоқтатады.

4 Өскемен қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Өскемен қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 30 шілдесі
№ 59/3-VI шешіміне
қосымша 4
Өскемен қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған
іргелес аумақтардың шекаралары

1 1. Өскемен қаласының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 200 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекарасы айқындалсын:

1 1) жаппай жерлеу орындары;

2 2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;

3 3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

4 4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

5 5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері.

5 Өскемен қалалық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі

Өскемен қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 30 шілдесі
№ 59/3-VI шешіміне
қосымша 5
Өскемен қалалық мәслихатының күші жойылған
шешімдерінің тізбесі

1

1. Өскемен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2/3-VI «Өскемен қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4482 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімі.

2

2. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 45/11-VI «Өскемен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2/3-VI «Өскемен қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6048 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімі.

3

3. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/5-VI «Өскемен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2/3-VI «Өскемен қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6258 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімі.

Қолданыстағы