Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Уральск
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Уральск
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібі, шекті толтырылу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 49 - 2
- Қабылданған күні
- 14.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.08.2020 145502_476062.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20ZA006341
- ЭКБ идентификаторы
- 145502
- Редакция идентификаторы
- 145502_476062
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:13
0
Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібі, шекті толтырылу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және оларды шекті толтырылу нормалары осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3 3. Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 3 - қосымшасына сәйкес айқындалсын.
4 4. Орал қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 4 - қосымшасына сәйкес айқындалсын.
5 5. Орал қалалық мәслихат аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
6 6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толтырылу нормалары
Орал қалалық мәслихатының
2020 жылғы 14 тамыздағы
№ 49 - 2 шешіміне
1 - қосымша
Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толтырылу нормалары
1 1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толтырылу нормалары:
1 1) Жайық өзені жағалауындағы алаң - Е.Пугачев көшесі, шекті толтырылу нормасы – 2500 адамнан аспай;
2 2) Мұнайшылар мен геологтар гүлбағы - С.Даумов көшесі, шекті толтырылу нормасы – 500 адамнан аспай;
3 3) «Қазақ халқының даңқты қыздары» алаңының артындағы тынымбақ - Н.Назарбаев даңғылы бойымен, шекті толтырылу нормасы - 1500 адамнан аспай.
2 2. Орал қаласында шерулер мен демонстрациялар нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін жүру бағыты: Е.Пугачев көшесінен Исатай-Махамбет көшесі бойымен Сарайшық көшесінің қиылысына дейін, шекті толтырылу нормасы - 2500 адамнан аспай.
13 Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Орал қалалық мәслихатының
2020 жылғы 14 тамыздағы
№ 49 – 2 шешіміне
2 - қосымша
Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізуге арналған арнайы орындарды пайдалану
тәртібі
1 1. Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
2
2. Дәл сол бір жерде және (немесе) сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
3 3. Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
4 4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.
Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауы тиіс.
5
5. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда, бейбіт жиналыстар уақытша тоқтатылады немесе мүлдем тоқтататылады, мұндай талапты орындау қажеттігі туралы бейбіт жиналыстарға қатысушыларды хабардар етеді.
19 Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Орал қалалық мәслихатының
2020 жылғы 14 тамыздағы
№ 49- 2 шешіміне
3 - қосымша
Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы
орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге
қойылатын талаптар
1
1. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
2 2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізуді:
жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың;
қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның;
шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.
3 3. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.
23 Орал қаласы бойынша пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Орал қалалық мәслихатының
2020 жылғы 14 тамыздағы
№ 49 – 2 шешіміне
4 - қосымша
Орал қаласы бойынша пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың
шекаралары
Орал қаласында келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 300 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекарасы белгіленсін: