Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 14.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.01.2021 145531_506837.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NK009377
- ЭКБ идентификаторы
- 145531
- Редакция идентификаторы
- 145531_506837
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:13
0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қамысты аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 01-25/253 ұсынысы негізінде Қамысты ауданы Арқа ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылының № 1 табынының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Қамысты аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қамысты аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге арналған қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.