Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Жамбылского сельского округа района Аққулы

Өзге акт · № 264/55 · қабылданған 24.07.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-145552/on/2026-09-14/
Басып шығарылды 2026-09-14 · adilet.kz
Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Жамбылского сельского округа района Аққулы Күшін жойған Өзге акт ·№ 264/55 ·24.07.2020
16.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Жамбылского сельского округа района Аққулы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 264/55 · 14.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Жамбылского сельского округа района Аққулы
Атауы (қаз.)
Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
264/55
Қабылданған күні
24.07.2020
Көрсетілген редакция
16.11.2023 145552_667172.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20PI006899
ЭКБ идентификаторы
145552
Редакция идентификаторы
145552_667172
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:25

0 Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы «Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы» № 724 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аққулы ауданының Жамбыл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі «Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» № 5/36 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4048 болып тіркелген, 2014 жылғы 08 қазанда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

Аққулы аудандық мәслихатының
2020 жылғы 24 шілдесі
№ 264/55 шешімімен
бекітілген
Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің
тәртібі

1. Осы Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді белгілейді.

2. Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

3. Бөлек жиынды Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі шақырады.

Аққулы ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

6. Бөлек жиынды ашудың алдында Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округінің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың тіркеуі жүргізіледі.

7. Бөлек жиынды Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Аққулы аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Қолданыстағы