Об утверждении форм отличительных знаков организатора мирных собраний
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении форм отличительных знаков организатора мирных собраний
- Атауы (қаз.)
- Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісінің нысандарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 278
- Қабылданған күні
- 13.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2020 145564_476615.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021104
- ЭКБ идентификаторы
- 145564
- Редакция идентификаторы
- 145564_476615
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:14
0 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының
айырым белгісінің нысандарын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісінің нысандары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
7 Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандары
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
2020 жылғы 13 тамызы № 278
бұйрығымен бекітілген
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандары
1 1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандары кеудеше немесе жапсырма болып табылады.
2 2. Кеудеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісінің нысаны болып табылады.
Кеудешенің сипаттамасы:
1 1) түсі – күрең, бір түсті;
2 2) артқы жағында «ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ», «ОРГАНИЗАТОР» деген жазу орналасады.
Жазудың көлемі: «ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ», «ОРГАНИЗАТОР» - әріптің биіктігі кемінде 27 миллиметр, әріптің ені 17 миллиметр, қаріптің қалыңдығы кемінде 6 миллиметр.
Жазу ақ немесе күміс түсті жарық шағылыстырғыш матадан «Arial» қарпімен жасалады.
Кеудешенің нысаны – 1 - сурет.
1 - сурет
3 3. Жапсырма бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісінің нысаны болып табылады.
Сипаттамасы:
1 1) алдындағы және арқасындағы жапсырма ені кемінде 280 миллиметр, биіктігі кемінде 100 миллиметр тікбұрыш түрінде болады;
2 2) түсі – күрең, бір түсті;
3 3) ортасында «ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ», «ОРГАНИЗАТОР» деген жазу орналасады.
Жазудың көлемі: «ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ», «ОРГАНИЗАТОР» - әріптің биіктігі кемінде 27 миллиметр, әріптің ені кемінде 17 миллиметр, қаріптің қалыңдығы кемінде 6 миллиметр.
Жазу ақ немесе күміс түсті жарық шағылыстырғыш матадан «Arial» қарпімен жасалады.
Алдындағы және арқасындағы жапсырма нысаны – 2 - сурет.
2 - сурет