О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда Восточно – Казахстанской области в период высокой пожарной опасности в лесу
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда Восточно – Казахстанской области в период высокой пожарной опасности в лесу
- Атауы (қаз.)
- Орманда өрт қауіптілігі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 282
- Қабылданған күні
- 12.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 03.02.2025 145581_744426.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20V0007451
- ЭКБ идентификаторы
- 145581
- Редакция идентификаторы
- 145581_744426
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:14
0 Орманда өрт қауіптілігі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Орманда өрт қауіптілігі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.
Ормандарда ауа райы жағдайлары бойынша жоғары өрт қауіптілігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 12351 болып тіркелген) бекітілген Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес анықталады.
2
3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Экология, геология
және табиғи ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан
облыстық орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы
басшысының міндетін атқарушы
_________________ С. Кітапбаев
2020 жылғы «____» ___________