О порядке организации и проведения мирных собраний в Жетысайском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О порядке организации и проведения мирных собраний в Жетысайском районе
- Атауы (қаз.)
- Жетісай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 33-177-VI
- Қабылданған күні
- 23.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2025 145629_745499.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UP005755
- ЭКБ идентификаторы
- 145629
- Редакция идентификаторы
- 145629_745499
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:57
0 Жетісай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жетісай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын болып Жетісай қаласындағы Орталық «Жеңіс» алаңы айқындалсын:
2 2. Жетісай ауданында демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін жүру маршруты ретінде Жетісай қаласының С.Қожанов көшесі мен М.Әуезов көшесінің қиылысынан Амангелді көшесі мен С.Қожанов көшесінің қиылысына дейінгі аралық айқындалсын.
3
3. Жетісай ауданында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
4 4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
5
5. Жетісай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 ақпандағы №27-150-VI «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 10 ақпандағы №5415 тіркелген, 2020 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
6 6. «Жетісай аудандық маслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
6 6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
10 Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Жетісай аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
23 маусымдағы
№ 33-177-VI шешіміне
1 қосымша
Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – Жетісай аудандық мәслихаты бейбіт жиналыстарды өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын.
Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орынның материалдық-техникалық қамтамасыз етуі
№
п/п
Арнайы орын атауы
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуі
Шекті толу нормалары
1.1.
Орталық «Жеңіс» алаңы
көше жарығы;
электр энергиясын қосу нүктесі;
бейнебақылау және бейнежазба камералары;
автотұрақ орны (1 кіру, 1 шығу).
150
адам
Жергілікті атқарушы органның өкілі хабарлама/өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың ұйымдастырушысымен бір күн бұрын іс-шараны өткізу тәртібін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айырым белгісі;
периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;
Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға;
БАҚ үшін арнайы белгіленген орын (лента немесе қоршаумен шектеу, фото-видео түсірілім және сұхбаттасу үшін жеткілікті көрінуді қамтамасыз ету);
бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауды;
Жетісай қаласының С.Қожанов көшесі мен М.Әуезов көшесінің қиылысынан Амангелді көшесі мен С.Қожанов көшесінің қиылысына дейінгі демонстрациялар мен шерулер бағытымен танысу.
Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:
өтініште көрсетілген мерзім аралығында арнайы орынның аумағында орналасады;
ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.
11 Пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
Жетісай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 23 маусымдағы
№33-177-VI шешіміне 2 қосымша
Пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың мынадай шекаралары айқындалсын: