О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области в сфере культуры и архивного дела
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области в сфере культуры и архивного дела
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және архив ісі саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 176/3
- Қабылданған күні
- 21.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2020 145808_477603.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20P0006928
- ЭКБ идентификаторы
- 145808
- Редакция идентификаторы
- 145808_477603
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:08
0 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және архив ісі саласындағы
кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Павлодар облысы әкімдігінің
2020 жылғы 21 тамызы
№ 176/3 қаулысына
қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының
тізбесі
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 137/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4541 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде «Регион.kz» газетінде жарияланған).
2
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 137/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 59/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5050 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3
3. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 маусымдағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 137/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 161/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4
4. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 137/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 266/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5629 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5
5. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 137/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 138/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5966 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
6
6. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 ақпандағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 137/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 25/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6249 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
7
7. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 тамыздағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 137/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 253/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6526 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).