О признании утратившими силу некоторых решений Ескельдинского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Ескельдинского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Ескелді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 67-382
- Қабылданған күні
- 18.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2020 145843_477721.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20DI005631
- ЭКБ идентификаторы
- 145843
- Редакция идентификаторы
- 145843_477721
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:11
0 Ескелді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Сопаков Маулен Берликовичке жүктелсін.
3 3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін қосымшаның 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Ескелді аудандық мәслихаты
2020 жылғы 18 тамызы
№ 67-382
шешіміне қосымша
Ескелді аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1
1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» 2015 жылғы 12 маусымдағы № 53-290 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3275 тіркелген, 2015 жылдың 23 шілдесінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2
2. «Ескелді ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 38-236 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4849 тіркелген, 2018 жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
3
3. «Ескелді ауданының аумағында тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 41-248 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4950 тіркелген, 2018 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
4
4. «Ескелді ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 41-249 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4952 тіркелген, 2018 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).