О внесении изменений в некоторые приказы Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 346
- Қабылданған күні
- 28.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2020 145917_478810.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021149
- ЭКБ идентификаторы
- 145917
- Редакция идентификаторы
- 145917_478810
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:01
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір
бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 28 тамызы № 346
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1
1. «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12665 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы»
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімдері Тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2
2. «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1054 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12675 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы»
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі)
16-бабының 33) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері (бұдан әрі – сүт), диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер (бұдан әрі – ЕПТ), арнайы киім, жеке қорғаныш құралдары Еңбек кодексінің 16-бабының 34) және 35) тармақшаларына сәйкес бекітілген нормаларға (бұдан әрі – Нормалар) сай беріледі.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және емдік және профилактикалық тағамдар беру тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Жұмыскерлерге арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібі».
3
3. «Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін, емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1056 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12709 болып тіркелген, 2016 жылғы
26 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер беру нормаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін беру нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер беру нормалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыскерлерге теңестірілген тамақ өнімдерін беру нормаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер беру нормалары»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер (бұдан әрі – ЕПТ) жұмыскерлерге зиянды еңбек жағдайларына байланысты ЕПТ-ның бес рационына сәйкес жұмыс басталар алдында таңертеңгі ыстық ас түрінде және түскі асқа үзілісте беріледі:»;
1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Диеталық (емдік және профилактикалық)
тамақтануға арналған арнайы
өнімдер беру нормаларына
1-қосымша»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің таңертеңгі асын даярлау кезінде азық-түлікті өзара алмастыру нормалары»;
2-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Диеталық (емдік және профилактикалық)
тамақтануға арналған арнайы
өнімдер беру нормаларына
2-қосымша»;
№ 1 рацион бойынша емдік-профилактикалық тағамның таңертеңгі ыстық асының шамамен алты күндік таратылу мәзірінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«№ 1 рацион бойынша диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірі»;
№ 2 рацион бойынша емдік-профилактикалық тағамның таңертеңгі ыстық асының шамамен алты күндік таратылу мәзірінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«№ 2 рацион бойынша диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірі»;
№ 3 рацион бойынша емдік-профилактикалық тағамның таңертеңгі ыстық асының шамамен алты күндік таратылу мәзірінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«№ 3 рацион бойынша диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірі»;
№ 4 рацион бойынша емдік-профилактикалық тағамның таңертеңгі ыстық асының шамамен алты күндік таратылу мәзірінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«№ 4 рацион бойынша диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірі»;
№ 5 рацион бойынша емдік-профилактикалық тағамның таңертеңгі ыстық асының шамамен алты күндік таратылу мәзірінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«№ 5 рацион бойынша диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің таңертеңгі ыстық асының алты күндік таратылу мәзірі».
3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Диеталық (емдік және профилактикалық)
тамақтануға арналған арнайы
өнімдер беру нормаларына
3-қосымша».
1 Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдері
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы
23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, оларға нұсқау беру және бiлiмiн тексерудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.
2 2. Қағидаларда мынадай анықтамалар мен ұғымдар пайдаланылады:
1
1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
2 2) еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген жұмыскерлердің қорғалу жай-күйі;
3 3) жауапты жұмыскерлер – өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар;
4 4) желілік технология – оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушымен және бір-бірімен интерактивтік өзара іс-қимыл нысандарын, сондай-ақ Интернет желісін пайдалану негізінді оқу процесін әкімшілендіруді қамтитын технология;
5
5) қауіпсіздік нормалары – жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен критерийлерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;
6 6) қашықтықтан білім беру технологиясы - білім алушы мен педагогтің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;
7 7) оқу орталығы – басшыларға және жауапты жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүргізетін ұйым;
8
8) рұқсат беру наряды – белгіленген нысандағы арнайы бланкіде ресімделген және жұмыс мазмұнын, орнын, оның басталу және аяқталу уақытын, оны қауіпсіз орындау шарттарын, қажетті қауіпсіздік шараларын (оның ішінде радиациялық, өрт қауіпсіздігі және газдалған жұмыс орындарында), бригада құрамы мен жауапты жұмыскерлерді айқындайтын, жұмысты қауіпсіз жүргізуге арналған тапсырма.
2 2-тарау. Жұмыскерлерге еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту және білімін тексеруді өткізу тәртібі
3 3. Жұмыскерлерге еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту және білімін тексеру жылына бір реттен сиретпей өткізіледі.
4
4. Жұмысқа қабылданған адамдар міндетті тәртіппен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша жұмыс берушi ұйымдастыратын оқытудан өтедi, кейiннен мiндеттi түрде олардың бiлiмiн тексеру жүргiзiледi. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытудан, нұсқау беруден және бiлiмдерiн тексеруден өтпеген жұмыскерлер жұмысқа жiберiлмейдi.
5
5. Ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты жұмыскерлерінiң тiзiмiн, оқыту жүргiзiлiп жатқан жұмыстар мен кәсіптер тiзбесiн, сондай-ақ оқытудың тәртiбiн, нысанын жұмыс берушi кәсіптің сипатына, жұмыстардың түрiне, өндiрiстiң ерекшелiгi мен еңбек қауiпсiздiгi жағдайына қарай, жұмыскерлер өкiлдерiмен (олар болған кезде) келiсе отырып белгiлейдi.
6 6. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша білімін тексеруге жататын жұмыскерлерді жұмыс беруші ол өткізілгеннен кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын ескертеді.
7 7. Жұмыстардың, лауазымның, кәсіптің осы түрі бойынша үш және одан да көп жыл, ал қауіптілігі жоғары жұмыстарда бір жылдан астам үзілісі бар жұмыскерлер еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімін тексеруден өзіндік жұмысы басталғанға дейін өткізіледі.
8
8. Кәсіптер бойынша оқытуды (сабақтар, дәрiстер, семинарлар) жұмыс берушi өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек қауiпсiздiгi мен еңбекті қорғау бойынша оқудан өткені туралы сертификаты бар тиiстi салалардағы жоғары бiлiктi мамандарды, кемінде үш жыл еңбек өтілі бар инженерлік-техникалық жұмыскерлердi және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды, ұйымның өзiнiң еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерін тарта отырып жүргiзедi.
9 9. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқу бағдарламалары осы ұйымның ерекшелiгiн ескере отырып, теориялық және өндiрiстiк оқытуды көздейді және оны жұмыс берушi бекiтеді.
10 10. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша, еңбектiң қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiне өндiрiстiк оқыту ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауға жауапты жұмыскерлерінің басшылығымен оқу сыныптарында, шеберханаларда, учаскелерде, цехтарда өткізіледі.
11 11. Еңбек қауiпсiздiгiнiң заңнамада белгiленген арнайы талаптары қойылатын жұмыстармен байланысты жекелеген өндiрiстерде жұмыскерлер қосымша арнайы оқудан өтеді.
12 12. Жұмыскерлерді еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша мәселелері бойынша оқыту еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексерумен (емтиханмен) аяқталады.
13 13. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелері бойынша білімдерді тексеруді жұмыс берушiнiң бұйрығымен құрылатын, кемінде үш адамнан тұратын емтихан комиссиясы өткізеді және комиссия төрағасы мен осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген мамандардың ішінен комиссия мүшелерінен тұрады.
14 14. Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негiзде жүзеге асырылады.
15 15. Емтихан комиссиясының жұмыс тәртiбi жұмыс берушiнің актісінде белгіленеді.
16 16. Жұмыскерлердiң бiлiмдерін тексеру нәтижелерi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға төраға және емтихан комиссиясының мүшелері қол қояды.
17 17. Бiлiмiн тексеруден сәтті өткен жұмыскерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерді, қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды тексеру жөніндегі куәлiк берiледi.
18 18. Жұмыскер қанағаттанарлықсыз деген баға алған кезде бiлiмiн қайта тексеру бiр айдан кешiктiрмей белгiленедi. Жұмыскер қайта оқудан өтеді және бiлiмiн тексеруге дейiн жұмыскер Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен жұмыстан шеттетіледі.
3 3-тарау. Басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан өткізу тәртібі
19
19. Басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар (бұдан әрі – жауапты жұмыскерлер) мерзім сайын, кемінде үш жылда бір рет кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтеді.
20 20. Жұмысқа қабылданған еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты жұмыскерлер тағайындалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмiн тексеруден өтеді.
21 21. Ұйымның жұмыскерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту «оn-line» режимінде желілік технология арқылы қашықтықтан оқыту нысанында жүргізілуі мүмкін.
22 22. Кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымның мыналарды:
1 1) аудио-бейнетехникамен жабдықталған оқу сыныбын (меншікті немесе жалға алынған);
2 2) тестілеу үшін компьютерлерді;
3 3) оқытудың әртүрлі тақырыптары бойынша көрнекі құралдарды;
4 4) оқу-әдістемелік материалдарды (мерзімді басылымдар) қамтитын материалдық-техникалық базасы болуға тиіс.
Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу орталығында:
1 1) оқу контенті мен білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әкімшілік ақпараты бар парақтардан тұратын білім беру порталының;
2 2) оқытуды интернет желісі арқылы «оn-line» режимде (бейнеконференция) жүргізу мүмкіндігі бар мультимедиалық сыныптардың болуы талап етіледі.
23
23. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөніндегі оқу бағдарламалары мен жауапты жұмыскерлерге арналған тақырыптық жоспарды оқу орталығы бекітеді, олар ұйымның ерекшелiгiн ескере отырып, экономиканың салаларына теориялық оқытуды көздейді және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органмен келісіледі.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау бойынша оқытудың ұзақтығы оқытуға 36 академиялық сағат пен білімін тексеруге 4 академиялық сағатты есепке ала отырып, кемінде 40 академиялық сағат болуға тиіс.
24
24. Жауапты жұмыскерлерді еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту (сабақтар, дәрiстер, семинарлар) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау бойынша оқу және білімін тексеруден өткені туралы сертификаты бар мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдары мамандарын (келісу бойынша), бейінді оқу орындарының оқытушыларын, заңгерлер мен инженерлiк-техникалық жұмыскерлердi және iрi өнеркәсiп ұйымдарының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметтерiнің мамандарын тарта отырып жүргiзiледi.
25 25. Жұмыскерлерді еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелері бойынша оқыту бiлiмдерiн тексерумен (емтиханмен) аяқталады.
26 26. Емтихан тестілерін өндiрiстiк ерекшелiктердi, мамандарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оқу бағдарламаларын ескере отырып оқу орталығы әзiрлейдi.
Тестілік сұрақтар оқыту бағдарламасының әрбір тақырыбы бойынша жасалады. Бұл ретте тестідегі сұрақтардың жалпы саны 80-нен көп болмауға тиіс.
Тест бойынша шекті мән тесті бойынша кемінде 70 % дұрыс жауаптарды құрайды.
Тесттерді орындауға берілетін жалпы уақыт 60 минутты құрайды. Тесттердi орындауға берiлген уақыт аяқталғанда тестілеу автоматты түрде аяқталады.
27 27. Жауапты жұмыскерлердiң еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша бiлiмдерiн тексерудi оқу орталығы актісімен құрылатын, саны үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы оқу орталықтарында (сабақтар өтетін орында) жүргiзедi.
28 28. Емтихан комиссиясы төрағадан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына оқу орталығының басшысы, мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарының мамандары (келiсу бойынша), жұмыскерлердің өкілі, сондай-ақ Қағидалардың 23-тармағында аталған мамандардың ішінен адамдар кiредi.
Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негiзде жүзеге асырылады.
29 29. Жауапты жұмыскерлердiң бiлiмдерiн тексеру үшiн емтихан комиссиясы тестiлеу өткізеді. Тестілеу процесі емтихан тапсыратын адамдарды сәйкестендіру және процесті бақылау мақсатында бейнежазбамен бекітіледі.
Тестілеуге арналған ғимарат алты ай сақталатын тестілеу процесінің бейне және аудиожазбасын жүргізуге арналған техникалық құралдармен жарақтандырылады.
30 30. Емтихан комиссиясы тестілеу нәтижелері бойынша мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1 1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден өттi;
2 2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерi қайта тексерілуге тиіс.
31 31. Жұмыскерлердiң бiлiмдерін тексеру нәтижелерi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға төраға және емтихан комиссиясының мүшелерi қол қояды.
32 32. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден өткен жауапты жұмыскерлерге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге жарамды сертификат берiледi.
33 33. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн тексеруден өтпеген жауапты жұмыскерлер оны қайта өткенге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жұмыстан шеттетiледi.
Бiлiмдерiн қайта тексеру алғашқы бiлiмдерiн тексеру өткен күнiнен бастап үш айдан кейін өткiзiледi
34 34. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелері бойынша бiлiмдерiн қайта тексеруден өтпеген жауапты жұмыскерлермен еңбек шарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жұмыс берушінің бастамасымен бұзылуы мүмкін.
35 35. Жауапты жұмыскерлер еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерiн кезектен тыс тексеруден мынадай жағдайларда:
1 1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiнде жаңа нормативтiк құқықтық актiлер қолданысқа енгiзiлген, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кезде;
2 2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестер пайдалануға енгiзiлген кезде;
3 3) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша жауапты жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстырылған немесе ол еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша қосымша бiлiмдi талап ететiн басқа лауазымға тағайындалған кезде;
4 4) жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның шешiмi бойынша соңы адам өлiмiмен немесе ауыр (мүгедектiкпен) аяқталған топтық жазатайым оқиғалар орын алған кезде, сондай-ақ авария, жарылыс, өрт немесе улану кезiнде;
5 5) жұмысында бiр жылдан астам уақыт үзiлiс болған кезде өтедi.
36 36. Емтихан комиссиясының шешiмiне байланысты дауларды еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган немесе сот қарайды.
37 37. Ұйымдарда жауапты жұмыскерлерді оқудан және бiлiмiн тексеруден уақтылы өтуiн бақылауды жұмыс берушi жүзеге асырады.
38 38. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқыту мен білімін тексеруді ұйымдастыруды еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган үйлестіреді.
4 4-тарау. Жұмыскерлерге, басшыларға және еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарға еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелері бойынша нұсқау беруді жүргізу тәртібі мен мерзімдері
39 39. Нұсқау беру сипаты мен жүргiзiлу уақытына қарай былай бөлiнедi:
1 1) кiрiспе;
2 2) жұмыс орнындағы алғашқы;
3 3) қайталама;
4 4) жоспардан тыс;
5 5) нысаналы.
40 40. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша кiрiспе нұсқау жұмыскерлердің бiлiмiне, осы кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс өтіліне қарамастан жүргізіледі.
Еңбек қауіпсіздігі мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе және алғашқы нұсқау уақытша жұмыскеркерлерге, iссапарға келгендерге, өндiрiстiк оқуға немесе тәжiрибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргiзiледi.
Сондай-ақ кiрiспе нұсқау беруді өндірістік алаңдарға барған кезде келушілерге және ұйымның қауіпті өндірістік объектісі аумағында жұмыс жүргізіп жатқан мердігерлік ұйымның жұмыскерлеріне жүргiзедi.
41 41. Ұйымдағы (кәсiпорындағы) кiрiспе нұсқау беруді еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қызмет немесе осы мiндеттер ұйымның бұйрығымен жүктелген адам жүргiзедi.
Кiрiспе нұсқау беруді жүргізу туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кіріспе нұсқау беруді тіркеу журналына нұсқау беруші мен нұсқау беруді алушының қолдарын міндетті түрде қойғыза отырып, жазылады.
42
42. Кiрiспе нұсқау беруді қауiпсiздiк нормаларының талаптарын, стандарттарды, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қағидалар мен нұсқаулықтарды, сондай-ақ өндірісте қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметі әзiрлеген және жұмыс берушi бекiткен бағдарлама бойынша жүргiзедi.
43 43. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау беруді жұмыскерлердің өндiрiстiк қызметі басталғанға дейiн жауапты жұмыскерлер жүргiзедi.
44
44. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау беруді қауiпсiздiк нормаларының талаптарын, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қағидалар мен нұсқаулықтарды, сондай-ақ өндірісте қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, ұйымның өндiрiстiк және құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары әзiрлеген және бекiткен бағдарламалар бойынша жүргiзедi.
45 45. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау беруді еңбектiң қауiпсiз тәсiлдерiн практика жүзiнде көрсете отырып, әрбiр жұмыскерге жеке жүргiзiледi.
46 46. Жұмыскерлер жұмысқа тағылымдамадан өткеннен кейiн, теориялық бiлiмi мен жұмыстың қауiпсiз дағдыларын меңгергендігі тексерiлгеннен кейiн жiберiледi.
47
47. Еңбек міндеттері жабдықты қолдану, пайдалану, қызмет көрсету, сынау, реттеу және жөндеумен, электрлендірілген немесе басқа да механикаландырылған қол құралын пайдаланумен, шикізаттар мен материалдарды сақтаумен және қолданумен байланысты емес адамдар оқытуды ұйымдастырушының шешімімен жұмыс орнында бастапқы нұсқау беруден өтуден босатыла алады. Жұмыс орнында бастапқы нұсқау беруден өтуден босатылатын жұмыскерлердің кәсіптері мен лауазымдарының тізбесін жұмыс беруші бекітеді.
48 48. Қайталама нұсқау беруден жұмыскерлер бiлiктiлiгi, бiлiмi, өтілі, орындайтын жұмысының сипатына қарамастан кемінде жартыжылдықта бір рет жұмыс уақытында өтедi.
49 49. Қайталама нұсқау беруді алынған білім мен дағдыларды бекіту үшін жұмыс орнындағы бастапқы нұсқау беруге ұқсас өткізеді.
50 50. Қайталама нұсқау беру бiртиптi жабдыққа қызмет көрсететiн жұмыскерлерге жеке немесе топта және жалпы жұмыс орны шегiнде жүргiзiледi.
51 51. Жоспардан тыс нұсқау беру:
1 1) қолданысқа еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша жаңа немесе өңделген қауіпсіздік нормалары, қағидалар, нұсқаулықтар енгiзiлген кезде;
2 2) технологиялық процесс өзгерген, жабдықтар, құрылғылар мен құралдар, бастапқы шикiзат, материалдар және еңбек қауiпсiздiгiне әсер ететiн басқа да факторлар ауыстырылған немесе жаңартылған кезде;
3 3) жұмыскерлер жарақаттануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке, улануға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн еңбек қауiпсiздiгi талаптарын бұзған кезде;
4 4) бақылау және қадағалау органдарының талабы бойынша жүргiзiледi.
52 52. Жоспардан тыс нұсқау беру жеке жұмыскерге немесе кәсібі бiр жұмыскерлер тобына жүргiзiледi.
Нұсқау беру көлемi мен мазмұны оны жүргiзу қажеттiгiн тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбiр нақты жағдайда айқындалады.
53
53. Мақсатты нұсқау беру мамандық бойынша мiндеттермен тiкелей байланысты емес бiржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсiру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс бiржолғы жұмыстар) орындаған кезде, авариялар, стихиялық апаттар мен катастрофалардың зардаптарын жою кезінде, рұқсат беру наряды бойынша жұмыс жүргiзген кезде жүргiзiледi.
54 54. Жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты нұсқау беруді жауапты жұмыскерлер (ұста, цех бастығы) жүргiзедi.
55 55. Кіріспе нұсқау беруді қоспағанда, жұмыс орнындағы нұсқау берулер ауызша сұрау немесе оқытудың техникалық құралдарының көмегiмен білімін тексерумен, сондай-ақ жұмыстың қауiпсiз тәсiлдерi бойынша меңгерген дағдыларын тексерумен аяқталады.
Бiлiмдерін нұсқау беруді жүргiзген жауапты жұмыскер тексередi.
56 56. Қанағаттанғысыз бiлiм көрсеткен жұмыскерлер өзіндiк жұмысқа жiберiлмейдi және нұсқау беруден қайта өтеді.
57
57. Нұсқау беру жүргiзген жұмыскер жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс, мақсатты нұсқау беруді жүргiзу және жұмыс iстеуге рұқсат беру туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқау беруді тiркеу журналына (бұдан әрі – Нұсқау беруді тіркеу журналы) нұсқау беруші мен нұсқау алушының қолдарын мiндеттi түрде қойғыза отырып, жазады.
Жоспардан тыс нұсқау беруді тiркеу кезiнде оның жүргiзiлу себебi көрсетiледi.
Ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi нұсқау беруді тiркеу журналдарын нөмiрлейдi, тiгедi және жұмысты тiкелей басқарушыларға (ұста, цех бастығы) қолын қойғызып бередi.
58 58. Рұқсат беру наряды бойынша жұмыс жүргiзетiн жұмыскерлерге жүргiзiлетiн мақсатты нұсқау беру рұқсат беру нарядында немесе жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін басқа құжаттамада белгiленедi.
1.1 С Е Р Т И Ф И К А Т
Жұмыскерлерді, басшылар мен
еңбек қауіпсіздігін және еңбекті
қорғауды қамтамасыз етуге жауапты
адамдарды еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау мәселелері бойынша
оқытудан, нұсқау беруден және
білімін тексеруден өткізу қағидалары
мен мерзімдеріне
1-қосымша
Нысан
Оқу орталығының атауы
Наименование учебного центра
С Е Р Т И Ф И К А Т
«___________________________________________________________»
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
«_________________________________»
курсы бойынша оқу бағдарламасын успешно закончил(а)
өткендiгін куәландырады программу обучения по курсу
«____________________________________»
Комиссия төрағасы Оқу орталығының басшысы
Председатель комиссии
_____________ _____________ _____________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса) қолы (бар болса) қолы
фамилия, имя, отчество фамилия, имя, отчество
(при его наличии) подпись (при его наличии) подпись
қала __________________ город ___________________
Тіркеу № ______________ Рег. № __________________
20__ жылғы ______________ ______________ 20___ года
1.2 Жұмыскерлердің еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерін тексеру жөнiндегi емтихан комиссиясы отырысының хаттамасы
Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек
қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды
қамтамасыз етуге жауапты адамдарды
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау
беруден және білімін тексеруден өткізу
қағидалары мен мерзімдеріне
2-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(ұйымның, кәсiпорынның атауы)
Жұмыскерлердің еңбек қауiпсiздiгi және
еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерін тексеру жөнiндегi емтихан
комиссиясы отырысының хаттамасы
20___ жылғы «_________» __________________________
Мына құрамдағы комиссия:
Төраға ______________________________________________________________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Комиссия мүшелерi __________________________________________________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20___ жылғы «____»______________ №____ бұйрықтың негiзiнде
емтихан қабылдап, мынаны анықтады:__________________________________
бiлiмiн тексеру түрi (мерзімді, қайталама)
Тегi, аты, әкесiнiң аты
(бар болса)
Ұйым
атауы
Лауазымы
Бiлiмiн тексеру туралы белгi
(өттi, өтпедi)
Ескертпе
1
2
3
4
5
Комиссия төрағасы _______________________________________ ___________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Комиссия мүшелерi _______________________________________ ___________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
_______________________________________ ___________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
1.3 Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды білуін тексеру жөніндегі КУӘЛIК
Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек
қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды
қамтамасыз етуге жауапты адамдарды
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау
беруден және білімін тексеруден өткізу
қағидалары мен мерзімдеріне
3-қосымша
Нысан
Мұқабасы
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша
қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды білуін тексеру жөніндегі
КУӘЛIК
Келесі парақтары
Азамат:______________________________________________________________
Лауазымы: ___________________________________________________________
Жұмыс орны:__________________________________________________________
__________________________ бойынша емтихан тапсырғаны туралы берiлдi.
Негiздеме: 20__ жылғы___________ №____ хаттама
Емтихан комиссиясының төрағасы ______________________________ _______
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Комиссия мүшесi _____________________________________________ _______
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
м.о.
Емтихандарды қайта тапсырғаны туралы мәлiметтер
Лауазымы: ___________________________________________________________
Жұмыс орны: _________________________________________________________
___________________________бойынша емтихан тапсырғаны туралы берілді.
Негiздеме: 20__ жылғы_____________ №____ хаттама
Емтихан комиссиясының төрағасы ______________________________ _______
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Комиссия мүшесi _____________________________________________ _______
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
м.о.
1.4 Кіріспе нұсқау беруді тіркеу ЖУРНАЛЫ
Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек
қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды
қамтамасыз етуге жауапты адамдарды
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау
беруден және білімін тексеруден өткізу
қағидалары мен мерзімдеріне
4-қосымша
Нысан
Кіріспе нұсқау беруді тіркеу
ЖУРНАЛЫ
_____________________________________________________________________
(ұйым, кәсiпорын, оқу орны)
Мұқабасы
Басталуы: 20____жылғы ____________
Аяқталуы: 20____жылғы ____________
Мазмұны:
Күнi
Нұсқау берiлетiн адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған жылы
Нұсқау берiлетiн адамның кәсібі, лауазымы
Жұмыс орны
Нұсқаe берiлетiн адамның қолы
Нұсқау беруді жүргізген
қолы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
1
2
3
4
5
6
7
8
1.5 Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқау беруді тiркеу журналы
Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек
қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды
қамтамасыз етуге жауапты адамдарды
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау
беруден және білімін тексеруден өткізу
қағидалары мен мерзімдеріне
5-қосымша
Нысан
Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
бойынша нұсқау беруді тiркеу журналы
Мұқабасы
_______________________________________________ ұйым, кәсiпорын
Басталуы: 20____жылғы ____________
Аяқталуы: 20____жылғы ____________
Келесi беттер
Күнi
Нұсқау берiлетiн адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған жылы
Нұсқау берiлетiн адамның кәсібі, лауазымы
Нұсқаудың түрi (алғашқы, жұмыс орнындағы, қайталама, жоспардан тыс)
Жоспардан тыс нұсқау беруді жүргiзу себебi
Нұсқау берушiнiң тегі, аты-жөні, лауазымы
қолы
Нұсқау берушiнің
Нұсқау алушының
1
2
3
4
5
6
7
8
9