Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Бескарагайскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Бескарагайскому району
- Атауы (қаз.)
- Бесқарағай ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 55/9-VI
- Қабылданған күні
- 11.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2024 145950_716394.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VG007502
- ЭКБ идентификаторы
- 145950
- Редакция идентификаторы
- 145950_716394
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:15
0 Бесқарағай ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық
және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес
аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Айқындалсын:
осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Бесқарағай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;
осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;
осы шешімнің 4 қосымшасына сәйкес Бесқарағай ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Бесқарағай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары
Бесқарағай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 11 тамыздағы
№ 55/9-VI шешіміне
1 қосымша
Бесқарағай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары
р/с
№
Арнайы орын
Шекті толу
нормасы
1.
Бесқарағай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДСК) ғимаратының жанындағы алаңы
110 адамнан артық емес
2.
Бесқарағай ауылы М.Әуезов-Партизан көшелерінің қиылысынан, Партизан көшесімен жоғары қарай С. Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін қозғалу, С. Сейфуллин көшесімен жоғары қарай Тәуелсіздік көшесінің қиылысына дейін қозғалу, Тәуелсіздік көшесімен төмен қарай М. Әуезов көшесінің қиылысына дейін қозғалу.
4 Бесқарағай ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Бесқарағай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 11 тамыздағы
№ 55/9-VI шешіміне
2 қосымша
Бесқарағай ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде аудиовизуалды техникасын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.
2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.
5 Бесқарағай ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Бесқарағай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 11 тамыздағы
№ 55/9-VI шешіміне
3 қосымша
Бесқарағай ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы жерлерде өткізіледі.
Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.
Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады немесе тоқтатады.
6 Бесқарағай ауданында пикеттуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Бесқарағай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 11 тамыздағы
№ 55/9-VI шешіміне
4-қосымша
Бесқарағай ауданында пикеттуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Бесқарағай ауданының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикет өткізу шекаралары айқындалсын: