Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеудің Қағидасын бекіту туралы.
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық Мәслихатының XIII сессиясының 2005.01.10 N 121 шешімімен.
Нұра аудандық Мәслихаты
Шешім етеді:
Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеудің Қағидасын бекіту туралы от 22.01.2003 г. № 7 (Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеудің Қағидасын бекіту туралы)
1. Үйде тәрбиеленіп, оқытылатың мүгедек балаларға әлеумеітік көмек тағайындау және төлеудің қағидасы №1 қосымшаға сай бекітілсін.
2. Әлеуметтік көмек тоқсан сайын 5198 тенғе мөлшерінде, тәуелсіз тағайындалады.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық Мәслихат хатшысына (Рақымбеков Т.Р.) жүктелсін.
Аудандық Мәслихатының
2003 жылғы 22 қаңтардағы ХХІІ сессиясының
№ 7 шешімінің № 1 қосымшасы бекітілген
Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеудің
Қағидасы
Жалпы қағидалар
1. Бұл қағида ҚР «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына 7 сәуір 1999 жыл №374, Қаз ССР-ның 21 маусым 1991 жылғы «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заңының 23 бабына сәйкес дайындалған.
2. Атаулы әлеуметтік көмекке жалпы білім беретін мекемелерде оқытылуға жатпайтын, үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға бар отбасылар жатады.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3. Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмекке құқылы азаматтар жергілікті жердегі еңбек және әлеуметтік көмек бөліміне арызданады және қосымша төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) жеке басының куәлігі;
3) медико-әлеуметтік эксперттік комиссияның анықтамасы белгіленген нысанда;
4) бірге тұратындығын анықтайтын тұрғылықты жерден анықтама;
5) аудандық оқу бөлімнің үйде оқытылатындығы туралы бұйрығы;
4. Арыз берген азаматтар ұсыңылған құжаттарға толық жауапкершілік алады. Егер Заң бұзушылық анықталған уақытта төленген ақша кінәлі адамдардан өндіріліп алынады.
5. Әлеуметтік көмек оны алуға құқы туындаған уақыттан бастап, тоқсан сайын 5198 теңге мөлшерінде, отбасының кірістерінен төуелсіз тағайындалады.
6. Тағайындау туралы шешімді еңбек және әлеуметтік көмек бөлімі қабылдайды.
7. Келіспеушілік туғанда мәселені аудандық әлеуметтік көмек көрсету комиссия қарастырады.
Қаржыландыру көздері
8. Атаулы көмекті қаржыландыру көзі жергілікті бюджет.
Есеп беру және бақылау
9. Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуге жауапкершілік аудандық еңбек және әлеуметтік көмек бөліміне жүктеледі.
10. Аудандық еңбек және әлеуметтік көмек бөлімі ай сайын аудандық қаржы бөліміне үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға тағайындалған және төленген әлеуметтік көмек туралы мәлімет беріп тұрады.