Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеудің Қағидасын бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеудің Қағидасын бекіту туралы.
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық Мәслихатының XIII сессиясының 2005.01.10 N 121 шешімімен.
Нұра аудандық Мәслихаты
Шешім етеді:
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленіп, оқытылатың мүгедек балаларға әлеумеітік көмек тағайындау және төлеудің қағидасы №1 қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек тоқсан сайын 5198 тенғе мөлшерінде, тәуелсіз тағайындалады.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық Мәслихат хатшысына (Рақымбеков Т.Р.) жүктелсін.
Басқа 1. Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеудің
Қағидасы
Аудандық Мәслихатының
2003 жылғы 22 қаңтардағы ХХІІ сессиясының
№ 7 шешімінің № 1 қосымшасы бекітілген
Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеудің
Қағидасы
Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Бұл қағида ҚР «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына 7 сәуір 1999 жыл №374, Қаз ССР-ның 21 маусым 1991 жылғы «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заңының 23 бабына сәйкес дайындалған.
Тармақ 2. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
2. Атаулы әлеуметтік көмекке жалпы білім беретін мекемелерде оқытылуға жатпайтын, үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға бар отбасылар жатады.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмекке құқылы азаматтар жергілікті жердегі еңбек және әлеуметтік көмек бөліміне арызданады және қосымша төмендегі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басының куәлігі;
Тармақша 3
3) медико-әлеуметтік эксперттік комиссияның анықтамасы белгіленген нысанда;
Тармақша 4
4) бірге тұратындығын анықтайтын тұрғылықты жерден анықтама;
Тармақша 5
5) аудандық оқу бөлімнің үйде оқытылатындығы туралы бұйрығы;
Тармақ 4
4. Арыз берген азаматтар ұсыңылған құжаттарға толық жауапкершілік алады. Егер Заң бұзушылық анықталған уақытта төленген ақша кінәлі адамдардан өндіріліп алынады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек оны алуға құқы туындаған уақыттан бастап, тоқсан сайын 5198 теңге мөлшерінде, отбасының кірістерінен төуелсіз тағайындалады.
Тармақ 6
6. Тағайындау туралы шешімді еңбек және әлеуметтік көмек бөлімі қабылдайды.
Тармақ 7. Қаржыландыру көздері
7. Келіспеушілік туғанда мәселені аудандық әлеуметтік көмек көрсету комиссия қарастырады.
Қаржыландыру көздері
Тармақ 8. Есеп беру және бақылау
8. Атаулы көмекті қаржыландыру көзі жергілікті бюджет.
Есеп беру және бақылау
Тармақ 9
9. Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуге жауапкершілік аудандық еңбек және әлеуметтік көмек бөліміне жүктеледі.
Тармақ 10
10. Аудандық еңбек және әлеуметтік көмек бөлімі ай сайын аудандық қаржы бөліміне үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға тағайындалған және төленген әлеуметтік көмек туралы мәлімет беріп тұрады.