О переименовании улиц Карабулакского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц Карабулакского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Қарабұлақ ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 25.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2020 145972_478466.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20DI005635
- ЭКБ идентификаторы
- 145972
- Редакция идентификаторы
- 145972_478466
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:05
0 Қарабұлақ ауылдық округінің көшелерін
қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарабұлақ ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 8 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қарабұлақ ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:
Қарабұлақ ауылындағы «Я. Свердлов» көшесі «Береке» көшесіне, «Ворошилов» көшесі «Теректі» көшесіне, «Клара Цеткин» көшесі «Аққайың» көшесіне, «Лихачев» көшесі «Ханшатыр» көшесіне, «Белинский» көшесі «Өркен» көшесіне, «Плеханов» көшесі «Жаңалық» көшесіне;
Ешкіөлмес ауылындағы «М. Кутузов» көшесі «Сарноқай» көшесіне, «Ушаков» көшесі «Үшкөл» көшесіне, «Нахимов» көшесі «Алатау» көшесіне, «Суворов» көшесі «Көктал» көшесіне, «Чкалов» көшесі «Жібек жолы» көшесіне.