Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабы 5 тармағы мен «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы», Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес және қоғамдық жұмыстардың түрлері мен тізбесін кеңейту мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 28.01.2003 г. № 423 (Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)
1. Аудан және Қызылорда қаласы әкімдері Қазақстан Республикасының еңбек рыногының бірыңғай мәліметтер дерекқорын қалыптастыруды қамтамасыз етсін, ол үшін аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтарын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Интернет
жүйесіндегі WЕВ сайтына қосу үшін мүмкіндік іздестіріп компьютерлермен қамтамасыз етсін және жергілікті бюджеттен олардың қызмет жасауына қаржы бөлінуін қарастырсын.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібінің 13, 15 тармақтарында аталған жұмыссыздардан басқа қоғамдық жұмыстарды тек коммуналдық меншіктегі ұйымдары жасайтыны белгіленіп, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері мен оларды қаржыландырудың көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мемлекеттік сатып алуда заңнамамен белгіленген тәртіппен жасалынатын болып анықталсын.
4. Аудан және Қызылорда қаласы әкімдеріне осы қаулының орындалу барысы туралы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 - на облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына ақпарат берсін.
5. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, аудан және Қызылорда қаласы әкімдері қоғамдық жұмыстар бойынша келісімдердің шарттарының сақталуы барысына тұрақты бақылау жасап, олардың тиімді жүргізілуіне ықпал етсін.
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру шаралары туралы» облыс әкімиятының 2001 жылғы 6 тамыздағы № 54 қаулысы күшін жойды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсін.
Облыс әкімиятының
2003 жылғы28қаңтардағы №423
қаулысымен бекітілген
ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңын іске асыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес қоғамдық жұмыстарды жүргізу тәртібі «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері» арқылы анықталады.
Қоғамдык жұмыстардың түрлері
1. Коммуналдық - тұрғын үй шаруашылық мекемелеріне қала, елді мекендер және өндіріс кәсіпорындардың айналасын тазартуға көмектесу.
2. Жолдарды салу және жөндеу, су құбырларын, кәріз және басқа инженерлік коммуникациялар жүргізіу.
3. Әлеуметтік мәдени объектілерді салу, қайта өңдеу және жөндеу.
4.Тарихи - сәулеттік ескерткіштер мен кешендерді қалпына келтіру, археологиялық жұмыстар жүргізу.
5. Айналаны көгалдандыру - көркейту, орман шаруашылығының, демалыс орындарын, демалыс және туризм аймақтарын сақталуымен дамыту
6. Көктемгі егін егу және жинау науқандары кезінде ауылдық округтардың жерлерін паспортизациялау.
7. Республикалық және аймақтық қоғамдық компаниялардың өткізілуіне қатысу/ коғамдық пікірлер жинау, түрлі санақтар/.
8. Қарулы күштер қатарына шақыру жүргізуге ықпал жасау.
9. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және жинау үшін егістік жер жұмыстарын жүргізу, қосалқы шаруашылығы бар мекемелерде мал бордақылау, жас малды өсіру, малды өрісте жаю мен күзету.
10. Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеруге учаскелік комиссияға көмек көрсету.
11. Қала мен елді мекенде құқық тәртібін күзетуде көмек көрсету.
12. Мақсатты топтағы азаматтардың (оралмандар, рақымшылықпен босатылғандар) құжаттарын рәсімдеуге әлеуметтік қызмет көрсету.
13. Кірме жолдың (подъезд) санитарлық - гигиеналық жағдайын сақтау (тазалау, кіші жөндеу, әктеу, сырлау кірме жолды күндіз (жұмыс уақытында) бөгде адамдардан күзету (тәжірибе ретінде барлық нысандағы коммуналды- тұрғын үй шаруашылық мекемелерінде, пәтер иелері кооперативтерінің тапсырыстарына сәйкес).
14. Мұрағат мекемелердің жұмысына,кітаптарды, құжаттарды түптеуге көмек көрсету.
15. «Кедейлікпен күресті үйлестіру жөніндегі орталығы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Директорлар кеңесімен келісілген тапсырысына сәйкес сол ұйымның жұмысына көмектесу.
Қоғамдық жұмыстардың көлемі
1. Қоғамдық жұмысты жүргізу көлемі жергілікті бюджеттің каражатына қарай анықталады.
2. Қоғамдық жұмыстар жұмыс беруші мен жұмыссыздар арасында келісім - шарт арқылы ұйымдастырылады. Келісім шарттың шекті мерзімі 6 айдан аспау керек.
Қоғамдық жүмыстарға қатысушылардың еңбек ақысы және оларды
қаржыландыру көздері
1. Қоғамдық жұмыстарды істеген жұмыссыздардың еңбек ақысы істеген нақты уақытына, жұмыс көлеміне байланысты бекітілген тәртіпке сәйкес төленеді, бірақ Қазақстан Республикасында бекітілген төменгі еңбек жалақыдан төмен болмауы керек.
2. Қоғамдық жұмыстар, оның көлемі халықты жұмыспен қамту бағдарламасымен анықталады, облыстық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыл андырады.