Құжат мәтініне өту

Об установлении участков побережья Каспийского моря, где приостанавливается действие режимных ограничений

Бұйрық · № 461/қе-қа · қабылданған 28.08.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-145992/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об установлении участков побережья Каспийского моря, где приостанавливается действие режимных ограничений Қолданыста Бұйрық ·№ 461/қе-қа ·28.08.2020
28.08.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении участков побережья Каспийского моря, где приостанавливается действие режимных ограничений

Қолданыста Бұйрық ·№ 461/қе-қа · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении участков побережья Каспийского моря, где приостанавливается действие режимных ограничений
Атауы (қаз.)
Режимдік шектеулердің қолданысы тоқтатыла тұратын Каспий теңізі жағалауындағы учаскелерді белгілеу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
461/қе-қа
Қабылданған күні
28.08.2020
Көрсетілген редакция
28.08.2020 145992_819917.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021167
ЭКБ идентификаторы
145992
Редакция идентификаторы
145992_819917
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:02

0 Режимдік шектеулердің қолданысы тоқтатыла тұратын Каспий теңізі жағалауындағы учаскелерді белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы»
2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының
6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін теңіз экономикалық қызмет аудандарын (теңіз порттары, су тәрізді арналар, газ терминалдары,

теңіз дәліздері және фарватерлер) қоспағанда, Сағындық мүйісінен бастап Ракушечный мүйісіне дейін Каспий теңізінің қазақстандық секторында режимдік шектеулердің қолданысы тоқтатылсын.
Аталған мерзімде жеке және заңды тұлғалар демалыс, туризм және спорт үшін пайдаланатын қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігімен жүзбейтін (су үсті және су асты) кемелерге (құралдарға) теңізге
бір теңіз милясына (1852 метр) дейін қашықтыққа еркін шығуға рұқсат етілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлтық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
полиция генерал-лейтенанты _________ Е. Тұрғымбаев
2020 жылғы «___» ________

Қолданыстағы