Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Западно-Казахстанской области

Қаулы · № 201 · қабылданған 28.08.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-146045/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Западно-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 201 ·28.08.2020
28.08.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Западно-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 201 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Западно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
201
Қабылданған күні
28.08.2020
Көрсетілген редакция
28.08.2020 146045_479258.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20Z0006353
ЭКБ идентификаторы
146045
Редакция идентификаторы
146045_479258
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:01

0 Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2 2. «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы «___» №___ қаулысына қосымша

1

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 164 «Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3981 тіркелген, 2015 жылы 25 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

2

2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі №165 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3984 тіркелген, 2015 жылы 5 қыркүйекте «Орал өңірі» газетінде жарияланған).

3

3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі №261 «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4097 тіркелген, 2015 жылы 3 қарашада «Орал өңірі» газетінде жарияланған).

4

4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі №260 «Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай – ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4101 тіркелген, 2015 жылы 3 қарашада «Орал өңірі» газетінде жарияланған).

5

5. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 141 қаулысы «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 165 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4450 тіркелген, 2016 жылы 13 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

6

6. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 233 қаулысы «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 165 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4906 тіркелген, 2017 жылы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

7

7. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі №232 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 164 «Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4908 тіркелген, 2017 жылы 16 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

8

8. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі №231 «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4909 тіркелген, 2017 жылы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Қолданыстағы