О признании утратившими силу некоторых совместных приказов и постановлений и структурных элементов некоторых совместных приказов и постановлений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых совместных приказов и постановлений и структурных элементов некоторых совместных приказов и постановлений
- Атауы (қаз.)
- Бірлескен кейбір бұйрықтар мен қаулылардың және бірлескен кейбір бұйрықтар мен қаулылардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 75
- Қабылданған күні
- 24.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2020 146113_479851.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021180
- ЭКБ идентификаторы
- 146113
- Редакция идентификаторы
- 146113_479851
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:07
0 Бірлескен кейбір бұйрықтар мен
қаулылардың және бірлескен кейбір
бұйрықтар мен қаулылардың
құрылымдық элементтерінің күші
жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабы 1-тармағына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы бірлескен бұйрыққа және қаулыға сәйкес бірлескен кейбір бұйрықтар мен қаулылардың және бірлескен кейбір бұйрықтар мен қаулылардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Агенттіктің Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Агенттіктің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бірлескен бұйрықты және қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бірлескен бұйрық және қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бірлескен бұйрық және қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы Агенттіктің Заң департаментіне мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы бірлескен бұйрық және қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрық және қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы бірлескен бұйрық және қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Күші жойылды деп танылған бірлескен кейбір бұйрықтар мен қаулылардың және бірлескен кейбір бұйрықтар мен қаулылардың құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2020 жылғы 1 қыркүйегі № 799 мен
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің Басқармасының
2020 жылғы 24 тамызы № 75
Бірлескен бұйрығы
мен қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылған бірлескен кейбір бұйрықтар мен қаулылардың және бірлескен кейбір бұйрықтар мен қаулылардың
құрылымдық элементтерінің тізбесі
1
1. Бірлескен «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 521 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 235 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10212 тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған).
2
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқарамасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 643 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқарамасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 225 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13033 тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған) қосымшамен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулылары тізбесінің 4-тармағы;
3
3. Бірлескен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 561 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 244 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16213 тіркелген, 2018 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).