Құжат мәтініне өту

О принятии доли участия в уставном капитале товариществ с ограниченной ответственностью «Казахский научно-исследовательский институт водного хозяйства» и «Научно-производственный центр рыбного хозяйства» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения

Қаулы · № 558 · қабылданған 08.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-146189/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О принятии доли участия в уставном капитале товариществ с ограниченной ответственностью «Казахский научно-исследовательский институт водного хозяйства» и «Научно-производственный центр рыбного хозяйства» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения Қолданыста Қаулы ·№ 558 ·08.09.2020
03.06.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О принятии доли участия в уставном капитале товариществ с ограниченной ответственностью «Казахский научно-исследовательский институт водного хозяйства» и «Научно-производственный центр рыбного хозяйства» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения

Қолданыста Қаулы ·№ 558 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О принятии доли участия в уставном капитале товариществ с ограниченной ответственностью «Казахский научно-исследовательский институт водного хозяйства» и «Научно-производственный центр рыбного хозяйства» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения
Атауы (қаз.)
«Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін cыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
558
Қабылданған күні
08.09.2020
Көрсетілген редакция
03.06.2022 146189_578268.kaz
Соңғы өзгеріс
03.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000558
ЭКБ идентификаторы
146189
Редакция идентификаторы
146189_578268
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:55

0 «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін cыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҰАҒБО» КеАҚ) «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің

(бұдан әрі – серіктестіктер) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің
100 (жүз) процентін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) «ҰАҒБО» КеАҚ-мен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулының

1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

2 2) серіктестіктердің мемлекеттік жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы 400-2 және 400-3-жолдармен толықтырылсын:
«400-2. «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
400-3. «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».

2

3 3. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі

№ 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 26-27, 236-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2. «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
3. «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».

Қолданыстағы