О некоторых вопросах Единого оператора жилищного строительства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Единого оператора жилищного строительства
- Атауы (қаз.)
- Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 557
- Қабылданған күні
- 08.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2023 146192_682367.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000557
- ЭКБ идентификаторы
- 146192
- Редакция идентификаторы
- 146192_682367
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:55
0 Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кейбір мәселелері туралы
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы болып айқындалсын.
2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3 3. «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 479 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2
2. «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 514-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын.
3
3. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 435-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
бүкіл мәтін бойынша «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы», «Бәйтерек девелопмент» АҚ» деген сөздер тиістік септіктегі «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы», «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ» деген сөздермен тиісінше ауыстырылсын.