Құжат мәтініне өту

О мерах по сокращению расходов в субъектах квазигосударственного сектора

Қаулы · № 475 · қабылданған 29.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-146220/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О мерах по сокращению расходов в субъектах квазигосударственного сектора Қолданыста Қаулы ·№ 475 ·29.07.2020
01.07.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по сокращению расходов в субъектах квазигосударственного сектора

Қолданыста Қаулы ·№ 475 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по сокращению расходов в субъектах квазигосударственного сектора
Атауы (қаз.)
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстарын қысқарту жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
475
Қабылданған күні
29.07.2020
Көрсетілген редакция
01.07.2023 146220_639261.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000475
ЭКБ идентификаторы
146220
Редакция идентификаторы
146220_639261
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:22

0 Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстарын

қысқарту жөніндегі шаралар туралы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 1-тармағына және «Орталық, жергілікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 108 өкімінің 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 3 жыл мерзімге:

1 1) базалық жиынтықтан жоғары, қозғалтқыш көлемі 2000 текше сантиметрден асатын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде шығарылмайтын жеңіл автокөлік құралдарын;

2 2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде шығарылмайтын арнайы және жедел-қызметтік автокөлік құралдарын (жеңіл автомобильдер базасындағы);

3 3) кеңсе жиһазын сатып алуға тыйым салу белгіленсін.

2 2. Мынадай деп белгіленсін:

1

1) осы қаулының 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының және делегациялардың қатысуымен өтетін ресми іс-шараларға қызмет көрсету жағдайларына қолданылмайды;

2

2) осы қаулының 1-тармағы 3) тармақшасының талаптары, әкімшілік персоналын қоспағанда, әлеуметтік сала ұйымдарына (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт) және халыққа қызмет көрсетумен байланысты ұйымдарға («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы) қолданылмайды.

3 3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), квазимемлекеттік сектор субъектілері (келісу бойынша):

1 1) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын;

2 2) жарты жылдық негізде жыл сайын жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша (10 шілдеге және 10 қаңтарға) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың қорытындылары бойынша (25 қаңтарға) Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы