Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Ескельдинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Ескельдинском районе
- Атауы (қаз.)
- Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 68-387
- Қабылданған күні
- 27.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2024 I146234_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20DI005641
- ЭКБ идентификаторы
- 146234
- Редакция идентификаторы
- I146234_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:03
0 Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.
2
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
2-1 2-1. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес, Ескелді ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
3
3. Ескелді аудандық мәслихатының «Ескелді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 2-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3830 тіркелген, 2016 жылдың 02 маусымында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихатының «Экономика, қаржы, бюджет және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Ескелді аудандық мәслихатының
2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387
шешіміне 1 қосымша
Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1 1. Алаң, Қарабұлақ ауылы, М. Әуезов көшесі, 33а.
2 2. Алаң, Қарабұлақ ауылы, Балпық би көшесі, №55.
3 3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қарабұлақ ауылы, Даиров және Оразбеков көшелерінің қиылысынан Даиров көшесінің бойымен, Даиров және Сырғабаев көшелерінің қиылысына дейін.
11 Ескелді аудандық мәслихатының
2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387
шешіміне 2 қосымша
Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары,
сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1
1. Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.
2
2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
3
3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
4 4. Ескелді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1 1) алаң, Қарабұлақ ауылы, М. Әуезов көшесі, 33а, шекті толу нормасы 300 адам;
2 2) алаң, Қарабұлақ ауылы, Балпық би көшесі, №55, шекті толу нормасы 100 адам;
3 3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қарабұлақ ауылы, Даиров және Оразбеков көшелерінің қиылысынан Даиров көшесінің бойымен, Даиров және Сырғабаев көшелерінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 250 адам.
5 5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
6
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
7 7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
8 8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
9 9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Ескелді ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
24 Ескелді аудандық мәслихатының
2020 жылғы 27 тамыздағы № 68-387
шешіміне 3 қосымша
Ескелді ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін
іргелес аумақтардың шекаралары
Ескелді ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 800 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді: