Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и полос озера Талдыколь и отдельных участков канала Нұра-Есіл

Қаулы · № 205-1856 · қабылданған 09.09.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-146264/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и полос озера Талдыколь и отдельных участков канала Нұра-Есіл Күшін жойған Қаулы ·№ 205-1856 ·09.09.2020
20.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и полос озера Талдыколь и отдельных участков канала Нұра-Есіл

Күшін жойған Қаулы ·№ 205-1856 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и полос озера Талдыколь и отдельных участков канала Нұра-Есіл
Атауы (қаз.)
Талдыкөл көлінің және Нұра-Есіл каналы жекелеген учаскелерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
205-1856
Қабылданған күні
09.09.2020
Көрсетілген редакция
20.10.2023 146264_662123.kaz
Соңғы өзгеріс
20.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20A0001290
ЭКБ идентификаторы
146264
Редакция идентификаторы
146264_662123
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:54

0 Талдыкөл көлінің және Нұра-Есіл каналы жекелеген учаскелерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұра-Есіл каналы жекелеген учаскелерінің су қорғау аймағы мен белдеуінің ең аз ені осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Талдыкөл көлі үшін су қорғау аймағының ең аз ені – 500 метр;

Талдыкөл көлі үшін су қорғау белдеуінің ең аз ені – 100 метр болып белгіленсін.

3. Нұра-Есіл каналының және Талдыкөл көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі Қазақстан Республикасы Су кодексінің талаптарына сәйкес белгіленсін.

4. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыға 1 қосымшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекарасындағы Талдыкөл көлі және Нұра-Есіл каналы ұшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін картографиялық материалдарға түсірілуін;

2) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Қ. Солтамбековқа жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет,
қала құрылысы және жер
қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысы
__________________ Н. Ұранхаев
«____» ____________ 2020 жыл
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Есіл бассейндік
инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысы
__________________ Д. Бекмағамбетов
«____» ____________ 2020 жыл

1 Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан Нұра-Есіл каналының жекелеген учаскелері және осы учаскелер үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең аз ені

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 9 қыркүйегі
№ 205-1856 қаулысына
қосымша
Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан Нұра-Есіл каналының жекелеген учаскелері және осы учаскелер үшін су қорғау аймақтары
мен белдеулерінің ең аз ені
Р/с

Же­ке учас­ке­нің ата­уы
Су объ­ек­ті­сі
(ка­нал учас­ке­сі­нің ко­ор­ди­нат­та­ры және су қор­ғау ай­ма­ғы мен бел­де­уі­нің ко­ор­ди­нат­та­ры)
Су қор­ғау ай­ма­ғы­ның ені, м
Су қор­ғау бел­де­уі­нің ені, м
1.
«GEOAstana» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі үшін Нұр-Сұл­тан қа­ла­сы, «Есіл» ауда­ны, Ұлы Да­ла даң­ғы­лы, Е114 және Е115 кө­ше­ле­рі (жо­ба­лық ата­уы) ара­сын­да ор­на­лас­қан ав­то­жа­нар­май құю-ав­то­газ құю стан­ци­я­сы­ның құ­ры­лыс учас­ке­сі
Нұ­ра-Есіл ка­на­лы
(ка­нал учас­ке­сі
x=2774,8; y=-8558,2;
x=2701,1; y=-8630,1;
су қор­ғау бел­де­уі
x=2799,4; y=-8583,3;
x=2725,6; y=-8655,1;
су қор­ғау ай­ма­ғы
x=2976,3; y=-8763,9;
x=2884,3; y=-8742,3;
х=2870,1; у=-8801,6)
208
241
288
35
2.
«Дал Ди­а­гно­стик» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі үшін Нұр-Сұл­тан қа­ла­сы, «Есіл» ауда­ны, Е 495 кө­ше­сі (жо­ба­лық ата­уы) № 2 ғи­ма­рат ауда­нын­да ор­на­лас­қан яд­ро­лық ме­ди­ци­на ор­та­лы­ғы­ның құ­ры­лыс учас­ке­сі
Нұ­ра-Есіл ка­на­лы
(ка­нал учас­ке­сі
x=630.1; y=-10624.3;
x=718.6; y=-10538.3;
су қор­ғау бел­де­уі
x=600.0; y=-10606.3;
x=688.6; y=-10520.0;
су қор­ғау ай­ма­ғы
х=206.0; у=-10360.7;
х=291.5; у=-10277.6)
500
35
3.
«Елор­да құ­ры­лыс ком­па­ни­я­сы» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі үшін Нұр-Сұл­тан қа­ла­сы, «Есіл» ауда­ны, Е 357 және Е 495 кө­ше­лер­дің (жо­ба­лық ата­у­ла­ры) қиы­лы­сы ауда­ны ме­кен­жай­ын­да ор­на­лас­қан жап­сар­ла­сты­ра са­лын­ған орын-жай­ла­ры бар көп пәтер­лі тұр­ғын үй ке­ше­ні­нің құ­ры­лыс учас­ке­сі
Нұ­ра-Есіл ка­на­лы
(ка­нал учас­ке­сі
x= 710,0; y=-10546,6;
x=816,35; y=-10444,1;
су қор­ғау бел­де­уі
x= 685,64; y= -10521,88;
x= 790,35; y= -10418,59;
су қор­ғау ай­ма­ғы
х= 642; у= -10473,09;
х= 727,91; у= -10388,35)
100
35

Қолданыстағы