Об определении мест для осуществления выездной торговли в населенных пунктах Кокпектинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для осуществления выездной торговли в населенных пунктах Кокпектинского района
- Атауы (қаз.)
- Көкпекті ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 285
- Қабылданған күні
- 28.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.08.2024 146271_729733.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VO007522
- ЭКБ идентификаторы
- 146271
- Редакция идентификаторы
- 146271_729733
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:02
0 Көкпекті ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы
жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8 бабының 3) тармақшасына, 27 бабына, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102 тармағына сәйкес, Көкпекті ауданының елді мекендері аумағында сауда қызметін реттеу мақсатында, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Көкпекті ауданы елді мекендерінің аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1 1) Шығыс Қазақстан облысының әділет Департаментінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде, оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберілуін;
3 3) ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында осы қаулының орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Даурен Бакытжанович Койгельдинге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Көкпекті ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар тізбесі
Көкпекті ауданы әкімдігінің
2020 жылғы «28» тамызы
№ 285
қаулысына қосымша
Көкпекті ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар тізбесі