Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 19 · қабылданған 10.09.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-146343/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 19 ·10.09.2020
11.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 19 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19
Қабылданған күні
10.09.2020
Көрсетілген редакция
11.11.2020 146343_490977.kaz
Соңғы өзгеріс
11.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20ULK05790
ЭКБ идентификаторы
146343
Редакция идентификаторы
146343_490977
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:53

0 Шектеу іс-шараларын

белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының, 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекциясының 4 қыркүйек 2020 жылғы №08-02-07/269 ұсынысы негізінде, Созақ ауданы Жуантөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жуантөбе ауылдық округі, Жақсыбайұлы көшесі №8 үйдің тұрғыны Сейдірахым Шадияр Мадиярұлын тырнаған түлкінің бас миының сынамасы «құтыру» ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты Созақ ауданы, Жуантөбе ауылдық округі, Жуантөбе ауылынан 65 шақырым жерде орналасқан жайылым аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2 2. «Созақ ауданының Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешімді мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Қолданыстағы