О некоторых вопросах проведения мирных собраний
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах проведения мирных собраний
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- C-46/8
- Қабылданған күні
- 15.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2024 146428_691499.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20BA008026
- ЭКБ идентификаторы
- 146428
- Редакция идентификаторы
- 146428_691499
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:48
0 Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелер туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.
2
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
3 3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
4
4. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» 2019 жылғы 28 қарашадағы № С-38/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7524 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттық өкілеттік пен этика, денсаулық, білім, мәдениет, құқық және тәртіп сақтау мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
6 6. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Көкшетау қалалық мәслихатының
2020 жылғы 15 қыркүйектегі
№ С-46/8 шешіміне
1-қосымша
Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1 1. Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы «Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Абай Құнанбаев көшесі, 160.
2 2. Абай Құнанбаев көшесі, 124 бойынша орналасқан алаң.
3 3. Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы «Достар» мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Төлеу Сүлейменов көшесі, 10.
4 4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Абай Құнанбаев көшесі Зарап Темірбеков көшесініңқиылысынан Қанай би көшесінің қиылысына дейін.
12 Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Көкшетау қалалық мәслихатының
2020 жылғы 15 қыркүйектегі
№ С-46/8 шешіміне
2 қосымша
Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1
1. Осы Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2
2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
3 3. Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1 1) Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы «Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Абай Құнанбаев көшесі, 160, шекті толу нормасы 200 адам;
2 2) Абай Құнанбаев көшесі, 124 бойынша орналасқан алаң, шекті толу нормасы 150 адам;
3 3) Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы «Достар» мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Төлеу Сүлейменов көшесі, 10, шекті толу нормасы 250 адам;
4 4) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Абай Құнанбаев көшесі Зарап Темірбеков көшесініңқиылысынан Қанай би көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 200 адам.
4 4. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
5
5. Егер бейбіт жиналысты бір жерде және (немесе) сол бір жүру бағыты бойынша не бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналысты ұйымдастырушылар өткізуге үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналысты ұйымдастырушыдан тиісті хабарлама немесе өтініш алған уақытты негізге ала отырып айқындайды.
6 6. Бейбіт жиналыстар әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша бейбіт жиналыстар өткізілетін күні сағат 9:00-ден ерте басталмайды және сағат 20:00-ден кеш аяқталады.
7
7. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуге арналған арнайы орындарды қоспағанда, бір уақытта бір жерде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуге арналған арнайы орындарды қоспағанда, пикеттеу ұзақтығы бір объектінің жанындағы бір жерде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.
24 Көкшетау қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Көкшетау қалалық мәслихатының
2020 жылғы 15 қыркүйектегі
№ С-46/8 шешіміне
3-қосымша
Көкшетау қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Көкшетау қаласының келесі объектілерінің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге: