Об установлении карантина
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении карантина
- Атауы (қаз.)
- Карантин белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 246
- Қабылданған күні
- 19.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2020 146456_499157.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20S0006539
- ЭКБ идентификаторы
- 146456
- Редакция идентификаторы
- 146456_499157
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:44
0 Карантин белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 «Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелді) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «Карантинді белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 01-04/793 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болу жағдайына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан елді мекендерде осы қаулының қосымшасына сәйкес карантин белгіленсін.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болу жағдайына байланысты карантин белгіленген Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан елді мекендер
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 246 қаулысына
қосымшасы
Жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болу жағдайына байланысты карантин белгіленген Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан елді мекендер
Елді мекеннің атауы
Айыртау ауданы
Ақжар ауданы
Аққайың ауданы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
9.Шөптікөл ауылдық округінің Разгульное ауылы;
9-1 9-1. Рузаев ауылдық округінің Рузаевка ауылы;
11-1 11-1. Чистополье ауылдық округінің Ялты ауылы;
Есіл ауданы
Жамбыл ауданы
Қызылжар ауданы
Мағжан Жұмабаев ауданы
Мамлют ауданы
Тайынша ауданы
41. Теңдік ауылдық округінің Теңдік ауылы;
Тимирязев ауданы
44. Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат ауылы;
Шал ақын ауданы
48. Приишим ауылдық округінің Повозочное ауылы;
50. Сухорабов ауылдық округінің Сухорабовка ауылы.