О минимальных размерах уставного капитала организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О минимальных размерах уставного капитала организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций
- Атауы (қаз.)
- Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 17.01.2003
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2009 AI14647_10.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V030002186_
- ЭКБ идентификаторы
- 14647
- Редакция идентификаторы
- AI14647_10
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:32
0 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.12.29 № 122 қаулысымен.
Қаржы рыногын реттеу және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1 1. Осы қаулының 2-тармағында аталған ұйымдардан басқа, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшері 5.000.000 (бес миллион) теңге сомасында белгіленсін.
2 2. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын мынадай ұйымдар үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшері белгіленсін:
1 1) алынып тасталды ;
2 2) 50 (елу) миллион теңге - банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялауды және жіберуді жүзеге асыратын ұйымдар үшін;
3 3) 40 (қырық) миллион теңге - заем және ломбард операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар үшін.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 214 қаулысымен .
2-1 2-1. Осы қаулы, жарғылық капиталды қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделмеген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 225 қаулысымен .
3
3. Осы қаулы күшіне енген күнге дейін банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялауды және жіберуді жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар 2003 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өздерінің жарғылық капиталдарының мөлшерін осы қаулының 2-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
4
4. Осы қаулы жарғылық капиталдарының ең аз мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жекелеген нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін кредиттік серіктестіктерге, ломбардттарға, сондай-ақ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдарға қолданылмайды. <*>
Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 141 қаулысымен , ҚР Қаржы рыногы және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 42 қаулысымен .