Вопросы Представительства Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан
Қолданыста
Қаулы
№ 1150
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Вопросы Представительства Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Өкілдігінің мәселелері
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1150
- Қабылданған күні
- 11.11.1998
- Көрсетілген редакция
- 26.05.1999 AI1465_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P980001150_
- ЭКБ идентификаторы
- 1465
- Редакция идентификаторы
- AI1465_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:28
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0 Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Өкілдігінің мәселелері
Ресей Федерациясымен және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа да елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту, сондай-ақ беріліп тұратын өнім үшін өзара есеп айырысуларды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Өкілдігін (бұдан әрі - Өкілдік) ашу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бекітілген сан мен еңбекке ақы төлеу қоры шектерінде:
1) Өкілдік қызметкерлерінің жалпы санын белгілесін;
2) Өкілдік туралы ережені бекітсін.
3. Орталық атқарушы органдардың қызметкерлері үшін қолданылып жүрген заңдарда көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар Өкілдіктің Ресей Федерациясының Мәскеу қаласына ауыстыру тәртібімен көшкен қызметкерлеріне қолданылады деп белгіленсін.
Көрсетілген төлемдер Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің басқару аппаратын ұстауға 1998 жылға арналған шығындар шектерінде ағымдағы ұстауға арналған шығындарды қысқарту есебінен жүзеге асырылсын.