Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил осуществления рекламы медицинских услуг (помощи)

Бұйрық · № ҚР ДСМ-105/2020 · қабылданған 21.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-146516/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении правил осуществления рекламы медицинских услуг (помощи) Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-105/2020 ·21.09.2020
21.09.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил осуществления рекламы медицинских услуг (помощи)

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-105/2020 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил осуществления рекламы медицинских услуг (помощи)
Атауы (қаз.)
Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) жарнамасын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-105/2020
Қабылданған күні
21.09.2020
Көрсетілген редакция
21.09.2020 146516_481270.kaz
Соңғы өзгеріс
21.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021236
ЭКБ идентификаторы
146516
Редакция идентификаторы
146516_481270
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:43

0 Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) жарнамасын

жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 56-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) жарнамасын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) жарнамасын жүзеге асыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 21 қыркүйегі
№ ҚР ДСМ-105/2020
Бұйрықпен бекітілген
Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің)
жарнамасын жүзеге асыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) жарнамасын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Қағидалар) 56-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) жарнамасын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) жарнама – кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін ақпарат;

2 2) жарнама берушi – жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

3 3) медициналық көрсетілетін қызмет – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалту және паллиативтік бағыты бар іс-әрекеттері.

2 2-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) жарнамасын жүзеге асыру тәртібі

3

3. Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) жарнамасы бұқаралық ақпарат құралдарында, денсаулық сақтау ұйымдарындағы электрондық ақпараттық ресурстарда, мамандандырылған медициналық басылымдарда, анықтамалық-ақпараттық орталықтарда, ғылыми конференцияларда, симпозиумдарда, медициналық білімі бар мамандарға арналған көрмелерде, акцияларда медициналық қызметтің жарнамаланатын түріне мемлекеттік лицензия болған кезде жүзеге асырылады.

4

4. Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама (мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-ресурстарды, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнаманың мазмұнын бір тілден екінші тілге аударған кезде оның негізгі мағынасын бұрмаламай жарнама берушінің қалауы бойынша және басқа тілдерде жүзеге асырылады.

5 5. Медициналық көрсетілетін қызметтерді (көмекті) оның ішінде жарнама беруші арқылы жарнамалау кезінде лицензия нөмірі мен лицензия берген органның атауы көрсетіледі.

6 6. Кодекстің 56-бабының 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтерді (көмекті) жарнамалауға жол беріледі.

Қолданыстағы